Ең үздік кешкі киімдер

Джинсы жоғалсын! Кешкі гардеробты қалыптастырамыз

Соңғы кезде театрлық дресс-код күшін жоғалта бастады, бірақ ол бетімен кетіп, театрға джинсымен барудың сылтауы емес.


Джинсы? Шалбар!

Джинсыда үш сағаттық қойылымды отырып көру ыңғайсыз болады. Әлі де ауыстыратын аяқ киімін алып келіп, декольтесі бар барқыт көйлегін киген театрға құмар байырғы әуесқойларына қатысты бұның әдепсіздік екенін айтпаса да болады. Сондықтан, егер гардеробыңызда кешкі көйлек болмаса, қамықпаңыз: туфлимен үйлесімде қатаң шалбар және әдемі блузка мәселеңізді шешеді!

Егер блузкаңыз болмаса немесе жұқа шифоннан тоңып қаламын десеңіз, театр үшін жұқа жүннен тоқылған жамылғы немесе вискоза жақсы шешім бола алады. Ол биязылықты және дене сымбатын одан бетер ажарландырып көрсетеді, сондай-ақ, қойылымға қарағанда одан да салтанатты кештерге орынды киім бола алады.


Белдемше + блузка

Аксессуарлардың көмегімен театр киіміне оңай айнала алатын кеңсеге арналған мінсіз үйлесім. Маржан моншақ, қайықша пішінді туфли – талғамы жоқ деп ешкім Сізге сөгіс айтпайды. Тіпті қарапайым қатаң жейденің өзін, егер танамоншақпен әшекейлесе немесе мойынға сәйкес әшекей бұйымды тақса, таңдаулы, әрі сәнді болып көрінеді.


Коктейль көйлегі

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Театрға, операға және белгілі бір дресс-коды бар кез келген басқа шараға баруға жақсы жарасады. Көйлекке көйлек ұқсамайды демекші, әсіресе театрға жұмыстан кейін баратын болсаңыз ойлану қажет. Кеңседе люрекс, стразалар және баршын жақсы көрінетіні екіталай. Ал терең декольте кедергі болмайтыны рас: кеңседе үстіне пиджак киюге болады немесе иықты жамылғымен орап қоюға болады.

Декольтесі бар көйлек сияқты осындай кешкі көйлектер театр дресс-кодына мінсіз сәйкес келеді. Бірақ есіңізде болсын: клубқа киетін қысқа көйлектер мен коктейль кештеріне арналған көйлектер арасында айырмашылық бар. Осы айырмашылықты ескеріңіз. Көйлек терең ойығы бар ультрақысқа немесе авангардтық дизайнды болмауы тиіс.


Кешкі көйлек

Егер Сізді операның, балеттің немесе атақты пианиношыға, композиторға, бишіге арналған салтанатты кештің ашылу маусымына шақырса (астын сызу керек), кешкі көйлексіз ол жаққа бара алмайсыз. Еденге дейін зерлі портьерге ұқсас болуы міндетті емес. Қазіргі сәнде кешкі көйлектер шамалы ұзын болғандығы болмаса, коктейль көйлектеріне ұқсайды.

Мінсіз нұсқа, сонымен қатар,  көп жағдайға келе беретін – кішкентай қара көйлек. Ол кез келген жағдайда орынды болады, ал меруерт алқа оны ең салтанатты жағдайға сәйкес келетін әдемі затқа айналдырады.


Театрға Сіз қалай киініп барасыз? Қателіктерімізді бірге түзетейік. «Мақала жазу» батырмасына басып, басқа пайдаланушылармен өз пікірлеріңізді бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.