Мүсініңізді түрлендіру әдістері

Жасыру өнері: дене бітімін қалай түрлендірсе болады

Подиумға шығуға қазір дайын емес шығарсыз, бірақ бұл дұрыс таңдалған киіммен өз сымбатыңызды сәтті көрсете алмайсыз дегенді білдірмейді. Сізге осыған көмектесетін бірнеше кеңес.


Кішкентай омырауды үлкейтеміз

Омырауыздың пішінін жақсартқыңыз келсе, алдымен көңіл аударатын нәрсе – бұл бюстгальтер! Жұмсақ пуш-ап бюстгальтерін немесе астынан омырауды ұстап тұратын жартылай бөлігі бар бюстгальтерді таңдай отырып, омырауды көтеріп, оны сырт қарағанда ұлғайтасыз. Әсіресе биязылыққа қол жеткізу үшін ерлер стиліндегі киімді таңдағаннан жақсысы жоқ. Өзіңізге ерлер жилетімен, леггинспен және кең жағасы бар жейдемен үйлесімде костюм таңдап алыңыз. Бейнеңізді биік өкшелі туфлимен және бірнеше әшекей заттармен аяқтаңыз.

Кеңес: V-түріндегі ойығы бар киім – Сіздің ең жақсы досыңыз.

...ал үлкенін - әдемілейміз

Тым ашық ойықсыз киіммен еліктіретіндей көрінуге бола ма? Әрине болады! Омырауыңыз орташадан үлкен болса да, күш жұмсамай-ақ, әдемі және еліктіретін болып көріне аласыз! Егер Сіз толық пішінді болсаңыз, шаршылы ойығы бар футболканы немесе бауы бар топикті, тіпті ерлер футболкасын да неге таңдамасқа – барлығы иықты айрықша етіп көрсете алады. Киімге дұрыс материалды таңдау өте маңызды – Сіздің жағдайыңызда қаралау түстегі сусылдақ маталарды таңдау қажет.

Кеңес: суреті бар киімдерді таңдамаңыз – олар сырт көзге сұлбаңызға артық екі-үш килограмм салмақ қосады.

Белмен ойнап көріңіз

Беліңіз сондайлықты керемет болмаса, тік джинсыға және иықбауы бар "милитари" стиліндегі пиджакқа көшу керек. Олар өте сәнді болып қана қоймай, диеталарсыз аз салмақты болып көрінуге көмектеседі. Сонымен қатар, әр түрлі ойықтармен эксперимент жасауға болады – терең ойық төменгі жақты елемей, дененің жоғарғы жағына назарды аудартады. Жамбасты жабатын блузкалар да көмектесе алады. 


Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Кеңес: жолағы бар маталардан аулақ болыңыз - олар толық етіп көрсетеді.

Тегіс ішке қол жеткізу

Шамалы ішті қалай жасырса болады? Оп-оңай! Қазір омырауды айрықша көрсететін және белді көрсететін трапециялық блузкалар сәнде. Егер бұрын белдік тақпайтын болсаңыз, тағып көріңіз - олар шамалы толықтықты жасыра отырып, беліңізді айрықша етіп көрсетуге көмектеседі. Материалды таңдай алмайтын болсаңыз, қаралау – қара, хаки және қара-көк түстегі материалдарды көріңіз. Барлық осы түстер дене пішіңізді сырт көзге кішірейтуге көмектеседі.

Кеңес: төмен отыратын шалбарды шкафқа іліп қойыңыз да, ол туралы ұмытсаңыз болады.

Мінсіз дене пішімнің толықтау бөксесі

Сізге ең жақсысы – дене пішімін ұзартып және оны айрықша етіп көрсететін киімдерден көйлек пен белдемшелер болады. Егер көйлекті таңдасаңыз, омырауды айрықша етіп көрсететін және бөксенің артық толықтығын жасыратын "ампир" стилін таңдаңыз. Егер шалбарды таңдайтын болсаңыз, оны кең жеңі бар блузка немесе"кавалериялық" жейде үйлесімімен киіңіз. Кербез, қаралау және қарапайым түстерді таңдаңыз, өйткені олар Сізді көзге сымбатты етіп көрсетіп, кемшіліктеріңізді жасырады.

Кеңес: қысқа пиджактарға жоламаңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс