Кеңсе киімін таңдау ережелері

Кеңседегі жұмыс күндерінің ашық бейнелері

Жұмысыңызда кеңселік дресс-код болған жағдайда, ережелерді бұзбай жеке өзіңіздің бейнеңізге ерекшелік қосу жөнінде ойлауға тура келеді. Біз кеңседегі бейнеңізді ашып жіберудің жолдарын білеміз.


Жалпы ережелер
Ережелерді бұзу үшін оларды білу қажет. Кеңселік дресс-кодтың негізгі ережелері келесідей.
Әрбір компания өзі шектеулер қояды: кейбіреулер тек қана ақ блузкаларды және биік өкшені талап етеді, әлдебіреулер бұл мәселеге жылы шыраймен қарайды және қатаң костюмді кез келген реңктегі ашық түсті блузкамен толықтыруға және кез келген биіктіктегі өкшелі туфли киюге мүмкіндік береді.

Бірақ дресс-кодты енгізетін барлық компаниялар бірауыздан келесі кімдерге тыйым салады:
- шолақ шалбарлар мен оларға ұқсас кез келген шалбарлар;
- қысқа белдемшелер мен терең қиылған тіліктер;
- өте терең декольте;
- селдір блузкалар;
- жалаң аяқтар және ашық аяқ ұшы немесе өкшесі бар туфлилер;
- белі төмен шалбарлар;
- спорттық киімдер;
- ішті жалаңаштайтын қысқа майкалар мен блузкалар;
- өте ірі және көзге түсетін әшекей заттары.
Егер осының барлығын алып тастаса, біз түріңізге жеке ерекшелік бере алатын көптеген нұсқалар ұсына аламыз.

Бастысы костюміңіз шақ болсын
Ең алдымен кеңселік костюмнің өзін дұрыс таңдау қажет. Ол белдемшелі де, шалбарлы да бола алады. Егер Сіз белдемшені таңдасаңыз, қарындаш белдемшеге көңіл бөліңіз. Ол әйелдің дене пішімін айрықша бөле отырып, жалпы барлығына да жараса береді. Осындай белдемшелі костюмді жабысып тұратын пиджакпен толықтыруға болады.
Сонымен қатар шалбарлы костюмдер де айрықша көрінеді. Қырлы түзу шалбар немесе шамалы кең шалбар да жабысып тұратын пиджакты талап етеді. Аяқ жағы тарылған немесе қолпылдақ шалбарларды да қысқартылған пиджакпен, сыдырма ілгегі бар пиджакпен немесе жилетпен толықтыруға болады. Жейде түрдегі жай блузканың шалбар мен жилетпен үйлесімділігі ерекше болып көрінеді. Шаршылы өкшесі бар алдыңғы жағы домаланған туфлиді қосыңыз – сонда өте стильді болып көрінетін боласыз.
Белдемшені немесе қатаң шалбарды киген жағдайда, пиджакты жилетке ауыстыруға болады. Бұл жағдайда әйелдік бейнені айрықша етіп көрсету үшін бантты, желбіреуігі немесе шілтері бар блузканы таңдаған жөн, жилеттің өзі денеге жабысып, құйып қойғандай тұруы тиіс.

Дұрыс ұсақ-түйектер
Бейнені әрине аксессуарлармен толықтыратын боламыз.
- Бижутерия ірі емес, күңгірттеу материалдан: металлдар мен табиғи тастардан жасалған болуы тиіс. Күміс пен обсидиан, күміс пен анартас және бәсеңдетілген түстердің басқа да табиғи тастармен үйлесімі өте жақсы көрінеді. Кеңселі киімді кие отырып, екі ережені сақтау қажет: бір ретте екі аксессуардан артық тақпаңыз - алқа мен сырға, алқа мен білезік, сырға мен алқа және тағы сол сияқты.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

- Орамал – кез келген әйелдің таптырмас серігі. Жай водолазкамен таңқаларлық түйінге байлай отырып, үлкен орамалды тағуға болады. Жейде түріндегі блузкамен шарфты галстук сияқты байлап тағуға болады. Оған қоса костюммен түсі керемет үйлесетін шарфты белдіктің орнына бастырма ретінде қолдануға болады.
- Жай жейде мен бос пиджакпен ерлер галстугі өте тамаша көрінеді. Оны әр түрлі әдіспен байлауды үйреніп алыңыз және түйінін күнде өзгертіп тұрыңыз. Бұл Сіздің ерекшелігіңізді көрсетеді.


Ал Сіздің компанияңызда дресс-код сақтала ма?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс