Кездесуге қалай киіну қажет?

Сәнді ережелер: орындалуы міндетті

Кездесуге немесе әлдебір маңызды шараға жинала отырып, әрбір қыз әдемі, керемет және ұмытылмастай болып көрінгісі келеді. Бірақ шамадан артық кетіп, әдемі киімді таңдауда жаңылып қалу қаупі бар.


Қазіргі кездегі сән әлемінде ережені бұза отырып, өзіңнің бірегей стиліңді жасауға болады, бірақ, киім кие алмайтын дөрекі атанып кетуге де болады. Соңғы айтылғанға жол бермеу үшін киімдегі қандай үйлестірулер мүлдем жараспайтынын білу маңызды.

Әйгілі брендтердің киімдерін киетін болсаңыз, білгіштер қосымша ескертусіз-ақ бұны бағалайды. Ал сәннен бейхабар адамдар маңдайыңызға бренд атауын жазып қойсаңыз да ештеңені түсінбей жүреді. Әңгіме не жөнінде? Дұрыс бренд немесе логотипі бар заттаңбалар мен принттер жөнінде сөз қозғап отырмыз. Олар бұйым ауданынан 5 % артық көлемді алмауы тиіс. Киімдегі немесе сөмкедегі айқайлап тұрған жазуларды жалған заттар мен оларды ұнататындар сыбағасына қалдырыңыз.
Кездесуге барғанда жалаңаштануды ақылмен істеу керек: қысқа белдемшені немесе шолақ шалбарды селдір блузкамен немесе өте терең декольтемен, оған қоса, биік етікпен үйлестіруге болмайды. Айтпақшы, қысқа дегеніміз қанша сантиметр? 25 жасқа дейін тізеге дейін бір қарыс жетпейтіндей киімді киюге болады. 25 жастан кейін тізеге дейін бір тұтам жетпейтін киімді киген дұрыс. Бұндай киімді классикалық етіктер  жақсы толықтырады.

Селдір және жартылай селдір киімдер туралы сөз қозғап бастасақ, олармен киетін ішкі киімді ойластыру керек. Ашық түсті футболканың астына қаралау бюстгальтерді кисе болады , ал ақ түсті бюстгальтерді қара түсті жейде немесе футболканың астына кию – барып тұрған әдепсіздік. Егер күмәнданып тұрсаңыз, тегіс дене түстес бюстгальтерді таңдаңыз, ол жалпы алғанда барлығына да келісе береді. Егер кездесуге джинсы мен майкамен бармасаңыз, оның тіпті аспа баулары да киім астынан көрінбеуі тиіс. Стрингтер де шалбар немесе джинсы астынан, ал шұлық резеңкесі белдемше шетінен шығып көрінбеуі тиіс. Бұл ережеде ерекшелік жоқ!

Киімді таңдай отырып, фактура үйлесімділігін ескеріңіз. Соңғы жылдары сәнді болып жеңіл маталарды тығыз және ауыр маталармен – тоқыма және жібек, трикотаж бен шифон араластыру әдеті пайда болды. Бірақ, бір сәнді киімде аң терісінің екі түрін үйлестіруге болмайтынын есте ұстау қажет, сондай-ақ, лакталған аяқ киімді және аксессуарларды жүннен тоқылған киімдермен үйлестіру кейіпсіз мінез болып саналады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 
Әшекей бұйымдарды сән үлгісінің негізін қалаушы Коко Шанель қалаған қағида бойынша таңдаған жақсырақ. «Орынды деп танылған барлық әшекейлерді тағыңыз, ал соңғысын шешіңіз – ол артықтау», дегендей айтылады. Әшекей заттарда кейіпсіз реңк пен жоғары стиль арасындағы шекті байқамай қалу оңай іс. Күндізгі уақытта бижутерияны тағып, ал бағалы бұйымдарды  кешкі шығатын жерлерге  қалдырып қойған дұрыс. Егер тіпті ұмытылмас әсер қалдырғыңыз келсе, бірден жақсы дегендердің барлығын тағып, жаңа жылдық шыршамен бәсекелесу қажет емес. Киімде де, әшекей бұйымдарда ұстамдылық таныту. Сізге әрдайым тек оң нәтиже береді.

Сәтсіз киілген киім кешіңіздің шырқын бұзған жағдай болды ма? Дұрыс таңдалған киім жаңадан туындайтын қарым-қатынасқа әсер етеді ме, қалай ойлайсыз? Кездесуге қандай киім киіп бару керектігі жөнінде жиі ойланасыз ба? «Тарихын жазу» батырмасына басып, өз ойларыңызбен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс