Күннен қорғайтын көзілдіріктер туралы нені білу керек?

Күннен қорғайтын көзілдіріктер туралы нені білу керек?

Күннен қорғайтын көзілдіріктер әдемі көрініп қана қоймай, сондай-ақ көзді күннен қорғай да алуы қажет. Күннен қорғайтын көзілдіріктерді қалай дұрыс таңдауға болатынын біліңіз.


Әйнек немесе пластик, қайсысы дұрыс?

Күннен қорғайтын көзілдіріктерді таңдау жайында шешім қабылдаған кезде, есте болсын, егер әңгіме танымал, мейлі ол арзан бренд болсын, онда пластик пе, әйнекті таңдайсыз ба, оның еш маңызы жоқ. Бір айтарымыз, өте төмен бағадағы қытай көзілдіріктерін сатып алмаған жөн. Мұндайлар сәулеленуден қорғай алмағаны былай тұрсын, қабылдауды бұрмалап, көру қабілетін төмендетеді.

Қорғаныш деңгейі

Кез келген күннен қорғайтын құралдар секілді көзілдіріктердің линзалары да сүзгінің 0-ден 4-ке дейінгі бірнеше санаттарынан тұрады. Бұл сандар неғұрлым жоғарылаған сайын, көзілдіріктер соғұрлым ультракүлгін сәулелерден жақсы қорғайды.

0 – сүзгі ультракүлгін сәуледен қорғамайды, яғни линза тек түсті болып табылады

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

1, 2 –жарым-жартылай қорғайды, мұндай көзілдіріктер қалаға жарамды

3 , 4 – сәулеленудің барлық шоғырынан қорғайды. Бұларды теңізге немесе тауға алып жүрген жақсы.


Сүзгі санаты, әдеттегідей, көзілдірікке қоса берілетін қосымша қағазда көрсетіледі. Есіңізде болсын, барлық күннен қорғайтын көзілдіріктер өндірушінің сертификатымен бірге жүруі қажет.

Түстің маңызы зор

Күн көзілдірігін таңдаған кезде есіңізде болсын: Қызыл түс психикаға теріс ықпал етеді. Көк пен қызғылт түс көзді тез талдырады. Қоңыр, жасыл және сары түсті линзалар мінсіз деп саналады. Мұндайлар көзге де жайлы, сәулені керемет жұтып, түстің бұрмалауына жол бермейді.


Ал сіз күннен қорғайтын көзілдіріктерді қалай таңдайсыз? Көзілдірік таңдаған кезде, не нәрсеге назар аударуға кеңес бересіз? 

Құттықтаймыз, Сіз бірінші пазлды таптыңыз

Екінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

Қуанышқы орай, менде қоңыр түсті көзілдірік ;)

  • Шағымдану

Бет әлпетіме жарасымды болып келетін, ультракулгіннен қорғайтын

  • Шағымдану

Ыңғайлы жəне бет пішініне сəйкес келіп көзді ауыртпайтын брендовый көзілдірікке мəн беремін

  • Шағымдану