Күзде не кию қажет?

Маусымаралық гардероб

Маусымаралық кез келгенде, жаздың суық күндерінде не кисе болады? Күзгі гардеробты алдын ала дайындаған дұрыс. Біздің сарапшылар осы күзде не кию керек екенін айтып береді.


Таңертең термометр +8 °С көрсетеді, ал күндіз температура 18–20 °С дейін көтеріледі. Құбылмалы және ауыспалы маусымаралыққа қош келдіңіз! Таңертең – салқын, кешке-ыстық. Қыркүйек айындағы ауа-райына– тоңбайтын, қызып кетпейтіндей және сымбатты көрінетіндей қандай киімді таңдаса болады.

Сыртқы киім

Осы кезде жел өткізбейтін матадан тігілген плащсыз немесе тренчсіз болмайды. Егер осыған ұқсас киім үлгілері стиіліңізге жараспайтын болса, онда жүннен тоқылған панчо, плед-пальто, кейптер, тері жилеттер және әрдайым орынды былғары күртелер жақсы жарасады. Сонымен қатар, осы маусымда ұзын трикотажды немесе қалың жүннен тоқылған белдігі бар кардигандар да болады. Плащты қоса алғанда барлық осы модельдер оның ішінен кез келген киімді: джинсымен футболканы, қатаң кеңсе көйлегін немесе еденге дейін ұзын белдемшелерді киюге болатындықтан ыңғайлы болады. Ал бірнеше маусым бойы сәнде алдағы орында болған қалың матадан (жүннен немесе мысалы, драптан) тігілген пиджак болса, осы жылғы подиумдардан байқалмады.

Аяқ киім

Кимінің классикалық стильде киінетін сәнқойларға онша биік емес платформадағы немесе кең нық тұратын өкшедегі үшкір мұрынды (маусым хиты) туфлилер және күдері туфлилер жарасады. Ботфорттар осы жылы жұқа әрі ұзын болғаны соншалықты (тізеден жоғары), алыстан қарағанда оларды легинстер деп қаласың. Бұндай етіктер – қысқа белдемше мен қысқа шалбар кигенді ұнататын сәнқойларға жақсы таңдау болады. Одан басқа, осы күзде модельерлер ерлердің шолақ бәтеңкесін: бұндай аяқ киіммен шалшықпен де, лай батпақпен де жүгіруге болады және өте сәнді болып көрінетін бауы байланатын әр түрлі модельдерді бізге ұсынады.
Құрғақ, жауын-шашыны жоқ ауа-райында биік емес «рөмке» түріндегі немесе ұзын жіңішке тік өкшелі ботильондарды киюге болады. Қазіргі маусымда жазық платформадағы аяқ киім қайтадан танымал бола бастады, бұл кез келген түрі бола береді – бәтеңкелер, мокасиндер, лоферлер... Бұндай модельдер панчомен, плащпен, қысқа сырылған күртемен жақсы көрінеді. Әрине, кроссовки туралы да ұмытпаған жөн. Сән әлемінің шегі кең бола бастады: кроссовкилер спорттық аяқ киім мәртебесін жоғалтқалы қай заман. Бүгінгі таңда олар серуендеуге, кешкі сауықтарға, тіпті дресс-коды өте қатаң емес кеңсеге де киюге жарамды болып қалды. Сүйікті қайықша пішінді аяқ киімді шкафтың түбіне салып, келесі жазға дейін алып қою қажет – олардың табаны өте жұқа, әрі жауын-шашынды ауа райында да киюге жарамайды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз


Аксессуарлар

Бақытымызға орай, дене түстес шұлықтарға дизайнерлердің тыйымдарын тоқтата аламыз. Енді оларды қайда болсын немен болсын кие беруге болады (оны жеңіл аяқ киіммен де киюге рұқсат, бірақ бізде қазір күз). Дегенмен, қыркүйек айындағы ауа-райына қалың модельдерді таңдаған дұрыс – гардеробыңызға қарай олар қара не түрлі түсті бола береді. Одан басқа, дизайнерлер біздерге осы жылы маусымаралыққа арнайы гетраларды ұсынады. Көп нұсқасы бар: ірі етіп тоқылған «дөрекілеу» бір түсті түрден бастап ашық түсті түрлі түсті модельдерге дейін киюге болады, Сіз қайсысын таңдамасаңыз да, аяқтарыңыз жылы болатындығына сеніңіз.
Күзде өзіңізге не киемін деген кезекті сұрақ қоя отырып, қамыт шарфты есіңізге түсіріңіз: дымқыл ауа-райында тамаша жылытады және күн шыққанда сөмкеге тез жиналады. Қолғапқа да келіп қалдық: жұқа лайка қолғаптар қолыңызды желден жақсы қорғайды, ал трикотажды митенкалар алғашқы суық түскен кезде суықтан қорғап, жылытады. Күзіңіз жылы болсын!

Сіз күзгі гардеробты дайындап қойдыңыз ба? Өзіңіздің сүйікті киімдеріңіз жөнінде айтып берсеңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс