Өз мүсініңізді қалай әдемі көрсетуге болады?

Дене пішіміне қарай қалайша әдемі көрінуге болады?

Қандай әдемі белдемше, бірақ астындағы аяқ қалайда қысқа болып көрінеді. Керемет көйлек, бірақ толық етіп көрсетеді. Өте сүйкімді блузка, бірақ оны кисең, үстіңгі жағы үлкен болып көрінеді. Таныс жағдайлар ма? Дене пішімінің түріне (алмұрт-алма-үшбұрышты) қарай киімді дұрыс таңдау бойынша кеңестеріміз артықшылықтарыңызды айрықша етіп көрсетіп, кемшілік жақтарын жасыруға көмектеседі. Ең кең таралған дене пішімнің түрлерін қарастырып көрейікші.


Алмұрт. Бұл дене пішімнің түрі: толық бөксе және айрықша бөлініп тұратын бел болып әйелдік пішімдерімен ерекшеленеді.

Мақсатымыз: дененің жоғарғы және төменгі жағын теңдестіру.

Не істесе болады? Дене пішімнің жоғарғы жағына көп көңіл бөлуге көмектесетін киімдерді таңдаңыз. Бұл V-тәрізді ойық немесе қайықша тәрізді жаға, лифттегі декоративті элементтер: принттер, кестелеу және қабаттау; мойын орамалдары, моншақтар және алқалар. Погондары, эполеттері бар, жеңдері қысқа түрілген, төс қалтасы бар жейде мен блузкаларды таңдаңыз. Оларды аяқ жағы қысқартылып тарылған шалбармен және қарындаш белдемшемен үйлестіріңіз.

Бас тартамыз: скинни джинсыдан, бөксенің ең кең жеріне дейін түсетін жакеттер мен күртелерден.


Алма. Негізгі көлем іш пен бел жаққа бағытталған дене пішімнің түрі.

Мақсатымыз: бойымызды сырт көзге ұзартып, белін айрықша етіп көрсету. 

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Не істесе болады? Нақты дене пішімді көрсететін киімдерді – футляр-көйлектерді, белі көтерілген немесе қиғаш пішілген модельдерді таңдаңыз. Белді белдікпен буып– қара немесе контрастілік түстермен көрсетуге болады. Сіздің таңдауыңыз – жұмсақ ұзартылған кардигандар, жамбасқа дейін келетін жакеттер, трапеция белдемшелер.

Бас тартамыз: жабысып тұратын киімнен, ашық түсті декоративті элементтері бар киімдерден – желбіршектері және бүрмелі киімдерден, ірі принттерден, тар белдемшеден.

Үшбұрышты. Спорт түріндегі дене пішіні – жамбасы тар және иығы кең сымбатты тұлға.

Мақсатымыз: дене пішімінің келбетін әйелдік келбетке айналдыру.

Не істесе болады? Көп көңілді жамбас жаққа аудару қажет – шамалы клештелген джинсымен немесе чинос шалбармен түзу аяқты көрсетіңіз. Ірі бүкпесі, америкалық ойығы немесе реглан жеңі бар көйлек пен белдемшені таңдаңыз. Түрлі түсті контрастілер көмектеседі: жоғарғы жағы қаралау, төменгі жағы ашық түсті немесе «түрлі түсті блоктары» бар киімдер, мысалы, омырау немесе жамбас жақта ашық жолақтармен киюге болады.

Бас тартамыз: екі жағы қаусырмалы пиджактар мен жилеттерден, көлемді жақ пен шарфтардан, қайықша ойықтан.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.