Өз қолыңызбен қарапайым шаш үлгісін жасау

Өз қолыңызбен сәнді шаш үлгісі? Оп-оңай!

Салтанатты шараға жиналып жатырсыз ба және тамаша көрінгіңіз келе ме? Стилистке көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ, сәнді шаш үлгісін үйде отырып та жасай аласыз! Сізге бірнеше мысалын келтірейік.


Қосымша көлем беріліп буылған шаш

hair

Қосымша көлемі және романтикалық толқынды шашы бар осындай шаш жинау үлгісі іскерлік кездесуге де, көңілді кешке де жарасады.

Қалай істесе болады?

Бір тұтам шашты бас жаққа бөліп, ұқыптап тарап, бекітіп қойыңыз. Кейін келесі тұтамға көшіңіз. Артынша қажетті көлемді алғаннан кейін қыстырғыштарды алып тастаңыз, щетканы алып, шаш үлгісіне қалып беріңіз де, лакпен қатырып қойыңыз. Шашты жинап, резеңкемен буып алыңыз, кейін буылған шашты ірі щеткамен бұйралаңыз.
Үйге қайтып келген соң шашты сусабынмен және кондиционермен жуып, кейін тарап алыңыз.

Ретро стилінде

hair

50-жылдардағы сүйікті шаш үлгісі күнделікті өмірге де, достарымен кездесетін кешке де жарайды. Онымен шаш ұқыпты көрінеді және көзге түспейді.

Қалай істесе болады?

Барлығы оп-оңай. Домалақ щетканың көмегімен шашты тегістеп алыңыз. Көз жағында бірнеше тұтамды жинап алып, желке жаққа буып қойыңыз.
Шашты фенмен кептіріп сәнін келтіргенде қорғау үшін бекітетін сусабын мен кондиционерді қолданыңыз.

Шашты бір жағына қарай буу

hair

Көбі бір жағына қарай шашты буу балалардың шаш үлгісіне ұқсайды деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес, тек шашты өте жоғары етіп буса, болғаны. Ал оны құлақтан төмен қарай жіберетін болсақ, шаш үлгісі таңдаулы әрі стильді болып көрінеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Қалай істесе болады?

Шашты әр түрлі бағытта ірі қысқыштармен бұйралаймыз. Бұйра  шаштарды тарамаймыз, тек солға және оңға қарай араластыра отырып, ұқыптап жинаймыз. Резеңкемен буамыз. Резеңке бір бұйра шаш астына тығылғанда өте әдемі көрінеді. Дайын болған шаш үлгісін лакпен қатырамыз. Қажетсіз бұйра шаштарды жасыру үшін арнайы тегістейтін кондиционерді қолданыңыз.

Бетті көмкерген стильді толқынды шаш

hairstyle

Бейнеңізге романтика мен жеңілділік бергіңіз келе ме? Бетіңізді әдемі толқынды шашпен көмкеріп қойыңыз.

Қалай істесе болады?

Үлкен диаметрлі домалақ щетканы алып кекіл шашын ұқыптап бұйралаңыз. Бұл жағдайда қалған шашты тиіспесе де болады. Дайын болған шаш үлгісін лакпен қатырыңыз. Шаш тегіс болу үшін арнайы тегістейтін сусабын мен кондиционерді қолданыңыз.

 Голливудтық бұйра шаш

hair

Ірі, әсерлі бұйра шаштар ешқашан сәннен шықпайды және Сізді кез келген салтанатты іс-шарада айрықша етіп көрсетеді.

Қалай істесе болады?

Бұйра шашты жасаудың ең қарапайым, әрі тиімді әдісі – бигуди! Шашқа мусс жағыңыз да, жартылай ылғалды күйге дейін кептіріңіз. Кейін шашты бигудимен бұйралай бастаңыз. Ірі толқынды шаш жасау үшін диаметрі кем дегенде 4 см, ал ұсақ етіп бұйралау үшін иілгіш таяқшаларды қолдануға болады.
Дайын болған шаш үлгісін лакпен қатырыңыз, сондай-ақ, шашты жылтырату үшін арнайы спрей қолданыңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс