Жаңа 2017 жылға арналған шаш үлгілері

Жаңа 2017 жылға арналған шаш үлгілері: өзекті идеялар

Жаңа жылды тойлау – сондай ұтымды әрі тиімді көрінетін әдемі биік шаш үлгісін жасау үшін тамаша мүмкіндік, бірақ күнделікті өмірде ол әрдайым орынды емес. Ал жылдың ең басты түнінде біз шынымен әдемі әрі талғампаз болып көрінуіміз қажет! Оған қоса келер жыл өзінің сәнді құйрығымен белгілі қып-қызыл жалынды қораз жылы болмақ!


Біз Сіздер үшін қысқа әрі түсінікті етіп жасау нұсқаулығы көрсетілген мерекелік жаңа жылдық шаш үлгілерін жинадық:

Классикалық түйін


Жаңа жылға арналған осы стильді әрі әдемі шаш үлгісін жасау үшін, Сізге шашқа арналған губка, екі резеңке және шаш түйреуіш қажет болады.

  • Шашыңызды жуыңыз, кептіріңіз және тараңыз.
  • Шашыңызды үш бөлікке бөліңіз.
  • Шашыңыздың ортаңғы бұрымын биік етіп буып, оның астына түйреуіштермен бекіте отырып шашқа арналған губканы тығыңыз да, оның астынан тағы бір буыңыз.
  • Шашыңыздың сол жағындағы және оң жағындағы бұрымдарын түйіннің айналасына ораңыз да, түйреуіштермен бекітіңіз.
  • Түйінді інжу тізілген моншақпен, шырша жылтырағымен немесе диадемамен безендіріңіз. 

Бұрымнан жасалған себетше


Кез келген мерекелік киімге келетін шаштан жасалған бірегей «сегіздік». Жаңа жылдық нұсқасын жасағыңыз келе ме? Бұрымыңызға шырша жылтырағын бірге өріңіз.

  • Шашыңызды жуып, кептіріңіз.
  • Шашыңызды қиғаштап екі бөлікке бөліңіз: сол жақтағы бұрымды оңға қарай, ал оң жақтағысын – солға қарай тараңыз.
  • Алдымен бір жағынан, сосын екінші жағынан өрім өріңіз, оларды резеңкемен бекітіңіз және түтіңіз.
  • Екі бұрымды бірінің астына бірін орап, түйреуіштермен бекітіңіз.
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бұрымдардан жасалған сәнді түйін


Өте көлемді және ерекше түйін. Ал шаш үлгісі жаңа жылдық болу үшін, бұрымға жіңішке жылтырды бірге өріңіз.

  • Шашыңызды жуып, кептіріңіз.
  • Биік етіп буыңыз.
  • Буылған шашты үш бөлікке бөліңіз.
  • Шаштың әр тұтамынан бір-бір бұрым өріп, оларды түтіңіз.
  • Бұрымдарды сәнді түйін етіп орап, оны түйреуіштермен бекітіңіз.

Жаңа жыл Сізге бақыт алып келсін!

 



Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс