Жаз маусымына арналған бас киімдер

Жаз маусымына арналған бас киімдер

Ыстық күндері дәрігерлердің жалаңбас жүруге қатаң тыйым салатынын барлығы біледі. Алайда, біртүрлі панамаларды киюге келгенде, біз әрдайым дайын бола бермейміз. Алақай! Осы жазда сәнгерлер дәрігерлердің алдын-ала сақтандыруларын естіп, «күннен қорғайтын» үлгілердің көптеген әдемі нұсқаларын бізге ұсынды.


Барлық талғамға сай. Бет пен шашты ультракүлгін сәуледен сенімді қорғайтын кең күнқағары бар кепкілер, түрлі-түсті кең жиекті қалпақтар және орамалдардың сансыз алуан ашық түстері – бұл маусымда расында барлығын да киюге болады. Өзіңізге ыңғайлы үлгіні таңдаңыз да, қыдыруға сенімді түрде аттаныңыз: күн тиюден сенімді қорғаныш деген - осы.

Қалпақтар. Қарабайыр панама өткеннің еншісінде ұзаққа қалды. Жоғары жағынан қайырылатын ковбой қалпақтары сәнде: оларды джинсы шолақ шалбарлармен де, ашық ұзын көйлектермен немесе белдемшелермен де киюге болады. Осы жазда әдемі сабан қалпақтар мәнге ие, сонымен қатар, оларды нәзік жандыларға ғана емес, ерлерге де киюге кеңес береді. Қайтадан классикалық кең жиекті қалпақ танымал, оны қысқа шолақ шалбарлармен де, ұзын жеңіл сарафандармен де киюге болады. Кейбір сәнгерлер өздерінің жаздық бас киім топтамаларындағы қалпақтар туралы біздің ойымызды түбегейлі өзгертуді шешті және үлкен шаршы аумақты өзек еткен... үлгілерін ұсынды. Бұл, әрине, құмар сәнқойларға арналған нұсқа, есесіне, олар күннен жақсы қорғайды – олармен жағажайда шатыр іздеп әуре болмайсыз. Сәнге қоңырау тәріздес қалпақтар қайта кірді: әдемі, кішкене жиекті, олар кез келген матадан – классикалық түрдегі сабаннан, сәтеннен немесе тығыз мақтадан жасалуы мүмкін. 

Кепкілер. Қарапайым бейсболканы классикалық қалпақшаға айналдыратын тар орташа енсіз күнқағарлар осы жазда үлкен және кең күнқағарлармен керемет жақын жүреді. Айтпақшы, бейсболкалар бұдан былай бір түсті болмайды, олар нанғысыз түрлер  -  гүлді, ауытқушы немесе айталық, абстрактылы өрнектермен көркемделмек. Сондай-ақ осы маусымда тоқымалы ірі торлы бас киімдер мәнге ие, оларды кешкісін, күнге күю қаупі аз кезде киюге болады. 

Орамалдар мен байлауыштар. Үлкен жібек, шифон, бәтес немесе мақта орамалдарды сәнгерлер бандана немесе ашық паранжа үлгісінде тағуды ұсынады: басқа орамалды артында ұзын шлейфі қалатындай, мысалы, жауырынға немесе белге дейін жететіндей етіп тағу қажет. Бұдан басқа, сәнге созылғыш таңғыштар қайтадан оралды, олар күннен қорғай алмайды, бірақ, есесіне, олардың көмегімен сәтсіз жасалған шаш үлгісін жасыруға немесе бір сәтте сыртқы пішінді түбегейлі өзгертуге болады. Сонымен қатар, осы жазда гүлдестелер мен диадемалар танымалдықтың шыңында! Әрине, мұндай әшекейлерді бас киім деп айта алмайсың, алайда, жазғы кештерде оларды естен шығармаңыз. Түптеп келгенде, бұл өзіңізді нағыз ханшайымдай сезінудің керемет мүмкіндігі емес пе, ол туралы біз барлығымыз балалық шақта армандаған едік қой?

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ал Сіз жазда бас киім кигенді ұнатасыз ба? Сізге қандай үлгілері ұнайды? 

Құттықтаймыз, Сіз yшінші пазлды таптыңыз

Төртінші пазлды табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

панама дұрыс-ау

  • Шағымдану

Мен бас киім кимеймін жазғы мезгілде, демалыстарда кепка киуге тырысамын. Биылғы жылы сабаннан тоқылған шляпа киіп көрейін деп жүрмін

  • Шағымдану

Мен бас киім киіуді онша ұнатпаймын бірақ демалыс кезде шляпа дұрыс деп ойлаймын

  • Шағымдану