«Жұлдыздың» шашындай керемет шаш 10 күн ішінде

10 күн ішінде «жұлдыздың» керемет шашы

Теледидардағы жұлдыздардың шашындай керемет етуге бола ма екен? Болады! Сондай шашқа қол жеткізу үшін бар жоғы 10 күн қажет. «Аз күш салып, көп нәтижеге жет!» ұранымен шашты құлпырту бойынша Pantene Pro-V он күндік эксперименті өте сәтті болып шықты. Идеялармен бөлісуге асығамыз!


Гендеріміздің арқасында шаштарымыздың құрылымы, қалыңдығы мен түсі әр түрлі болып келеді. Бірақ, ашық, қаралау, бұйра, түзу, қалың, жұқа шаштарды да сау, жылтыраған және әсерлі етіп жасауға болады. Өмір сүру салты, тамақтану мөлшері және дұрыс тұрақты күтім кез келген шашпен таңғажайып дүниелерді жасайды.

10 күн бойы — 5 минуттан йога

Біздің ағзамыз компьютер сияқты: жылдам әрі нақты жұмыс істеу үшін оны қайта жүктеу, баптау және қуаттау қажет. Бұны йоганың ең қарапайым элементтері тамаша орындай алады. Күніне бес минут — сонда денеңіз күшке толады, әсіресе, шаштың өсуіне қажет қуат жинайсыз.

Бөксеңіз табанға тиетіндей тізерлеп отырыңыз да, арқаңызды түзу ұстаңыз. Қолыңызды бастан жоғары ұстап, созып тұрыңыз, алақандарыңызды қосыңыз. «Антенна» сияқты сұқ саусағыңыз төбеге бағытталып тұрсын. Көзіңізді жұмып, бірнеше рет терең дем алыңыз да, баяу мұрынмен демді шығарыңыз. Осындай «қайта жүктеу» әсіресе асығып жүретін, көп жұмыс істейтін, іссапарларға шығатын, көп күш жұмсайтын адамдарға пайдалы. Күніне 5 минут уақыт табу қиын емес. Егер мүлдем уақыт болмаса, онда басқа массаж жасауға тырысыңыз: ол шаш түбіне пайдалы, оған қоса тамаша босаңсытады.

10 дәруменді ұрттам — 5 минутта дайын!

Балғын жемістерден ағзаға дәрумендік «жанармай» жасау оп-оңай. Жарты банан және 100 г ананас алыңыз да, блендерде жемістерді ұсақтап, жасалған езбеге 50 мл апельсин фрешін қосыңыз. Әр түрлі жеміс пен жидектерді араластыруға болады, күнде жаңа коктейль жасасаңыз болады. Ананасты жиі қолданыңыз: оның құрамында көп дәрумен мен микроэлементтер, әсіресе шашқа пайдалы темір, мырыш, мыс бар.

10 күн бойы — шашқа 5 минутқа артық көңіл бөліңіз

Шашыңыз қысқа болса да, тарақты мұқият таңдауға кеңес береміз. Ол Сізді қуантып қана қоймай, қолда да ыңғайлы ұсталынуы тиіс. Табиғи қылы бар щеткаға назар салыңыз, өйткені пластик шаш құрылымын зақымдайды. Шашты 5 минут бойы тарап тұрыңыз (әдетте шаш тарауға бірнеше секунд уақыт қана бөлеміз). Бұл уақыт ішінде шаш оттегімен қанығады, қан бас терісіне барады, өзіңізге массаж да, релаксты да қамтамасыз етесіз, ал шашыңыз жаңа күшке ие болады!

Есіңізде болсын: әрдайым осы мезетте жарайтын шашты күтетін құралдарды қолданыңыз. Егер Сізде әрдайым қалыпты шаш болып, бірақ оны фенмен кептіріп жіберсеңіз немесе қыста әлсізденген болса, инерциямен қалыпты шашқа арналған сусабын мен кондиционерді әрі қарай пайдалана берудің қажеті жоқ. Шашқа 5 минут артық уақыт бөліңіз – сонда нағыз жұлдызға айналасыз!

Pantene Pro-V Aqua Light Жеңіл нәрлі нампунь. 400мл
Pantene Pro-V Aqua Light Жеңіл нәрлендіргіш сусабыны. 400мл

Pantene Pro-V Aqua Light Жеңіл нәрлендіргіш сусабыны. 400мл

енді табу

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс