, шашты қалай тегіс етуге болады

Жылтыр әрі сүмбіл шашқа қалай қол жеткізуге болатыны туралы бес кеңес

Жылтыр сүмбіл шаш — біз бәріміз қол жеткізуге тырысатын идеал. Бас терісінің саулығы мен шаш жылтырын қалай қалпына келтіріп, сақтау керектігін біліп алыңыз.


Жылтыр әрі сүмбіл шашқа қалай қол жеткізуге болады? Біз қарапайым бес кеңестен тұратын тізім жасадық, соның арқасында Сіз шашыңызға күтім жасау тәртібін жақсартасыз:

1. Дұрыс құралдарды таңдаңыз

Шашты жуу — оның сұлулығы мен саулығына алғашқы қадам: сусабын мен кондиционерді дұрыс таңдау өте маңызды. Head & Shoulders ұсынған аргана майы бар Supreme өнімдер қатарының құралдары шашты қажетті ылғалмен қамтамасыз ете отырып, оны жылтыратуға арналған. Бұл ретте олар қайызғақпен Head & Shoulders брендінің өзге құралдарына қарағанда тиімдірек күреседі.

2. Шашты салқын сумен шайыңыз

Салқын судың әсерімен сірқабық қабыршақтары бір біріне тығыз жабысады. Бұл шаш үшін пайдалы, оның үстіне беті анағұрлым тегістеле түседі. Шаш тегіс болса, жарыққа жақсы шағылысып, жайнаған жылтырға қол жеткізуге көмектеседі.

3. Фенді орташа температурада пайдаланыңыз

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Сәндеген кезде шашты қатты қыздырып жібермеңіз, шашты салқын сумен шайғандағы әсерді күшейту үшін фенді салқын ауа беру режиміне ауыстырыңыз. Орамалмен құрғатылған шашты фенмен жоғарыдан төмен — түбінен ұшына қарай ауа бағыттап сәндеңіз. Фенді пайдаланған кезде шашқа қорғағыш құрал жағу қажеттілігін ұмытпаңыз, себебі жылудың әсері шаш бұрымдарын зақымдауы мүмкін.

4. Бас терісіне күтім жасаңыз

Бас терісі сау болған кезде ғана шаштың бар сұлулығын көруге болады. Және бұл таңқаларлық нәрсе емес, себебі соның арқасында ғана шаш нәрлі заттектермен қамтамасыз етіледі. Егер бас терісі құрғақтыққа шалдыққан болса және бұл Сізге жайсыздық туғызатын болса, мәселені арнайы құралдардың көмегімен өз бетіңізше шешуге тырысып көріңіз. Егер біраз уақыттан кейін оның жағдайы жақсармаса, дәрігерге қаралған жөн.

5. Қарқынды қоректік құралдарды пайдаланыңыз

Кейде, қанша күш салмасаңыз да, шашыңыз еш себепсіз құрғақ әрі сынғыш болып келеді. Егер мұндай жағдай орын алса, әлсіреген шашты қалпына келтіруге және нығайтуға көмектесетін құралды пайдаланыңыз. Head & Shoulders ұсынған Supreme қалпына келтіргіш құралдарының құрамында, осы өнімдер қатарындағы барлық құралдардағыдай, аргана майы бар. Шашыңызға оны қайтадан жайнатып жіберетіндей қосымша импульс қажет болғанда, бұл оның таптырмас шешіміне айналады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс