Ақ шашты қалай бояу қажет? Аңыздарды жоққа шығарамыз

Аңыздарды жоққа шығарамыз – ақ шашпен не істесе болады, оны қашан бояу керек

Жаңа маусымға шашыңызды қайта бояғыңыз келіп тұр ма? Немесе ақ шашты не істесе болады екен деген ой мазалап жүр ме? Шашты бояу туралы ең белгілі деген аңыздарды жоққа шығарамыз!


Дерек пе не жалған ма? Wella сарапшы-колористері шаш түсу туралы ең көп тараған үш аңызды әшкерелейді.

Шашқа арналған бояу қасиеттері, бояу процедурасы мен шаш түсу туралы клиенттер салондағы шеберлерімен осы жөнінде сөз қозғайтын көптеген қате ұғымдар бар екен. Бір ақпаратты әр жолы жоққа шығармау үшін Wella кәсіби колорист-мамандары ең әйгілі деген аңыздарды әшкерелеп, өз білімдерімен бөлісуді жөн көрді.

1 -аңыз
Менде ақ шаш пайда болды, енді маған ұзақ ұсталатын тұрақты бояуды ғана қолдану қажет. Барлық қалған бояулар тез жуылып кетеді де, салонға жиі барып оларды жаңарту қажет болады.

 Клиенттердің әңгімелерінен:

  • «Мен жас кезімде, әрине, уақытша реңк беретін бояғыштарды қолдандым, бірақ ақ шашты не істесе болады деген мәселе тұрғанда перманентті бояуға көшуге тура келді».
  • «Менің стилистім шашымды тұрақты бояумен бояйды, ол бір ай бойы, салонға келесі рет баратын кезге дейін де ұсталынады! Барлық басқа бояулар одан ерте жуылып кетеді».
  • «Нақтысын білмеймін, бірақ менің ойымша, ол шашымды тек перманентті бояумен ғана бояйтын сияқты...»

WELLA сарапшысының жоққа шығаруы:

Шаштың кейбір реңктеріне уақытша реңктегі бояғыштар көмегімен қол жеткізуге болады, ал перманентті бояумен қол жеткізе алмайсың.

Стилист түсіңіз жақын арада жуылып кетеді деген оймен салоннан кетіп қалмас үшін Demi-permanent таңбаланған бояуды қолданып жатқанын Сізге айтпауы да мүмкін. Бірақ шындап келгенде, бұндай реңктегі бояу шашқа шамадан артық қою түс бермей, қажетті реңкті жайлап әрі оңай береді. 

2-аңыз
Шаштың жаңа түсі бірнеше күн ішінде басылып, сәл күңгірттенуі тиіс.

Клиенттердің әңгімелерінен:

  • «Бояғаннан кейін алғашқы екі күнде шашымның түсі өте қарқынды болады, ал кейін менің ойымша, қалыпты, біркелкі болып көрінетін сияқты».
  • «Осы барлық химия кесірінен шашым бояғаннан кейін алғашқы 48 сағатта шамадан артық ашық түс болып кетеді. Кейін олар сәл күңгірттеніп, маған қажетті түске айналады».
  • «Бояғаннан кейін алғашқы екі күнде ғана шашымның түсі көзімді ойып жібереді. Кейін ол қалыпты күйге келіп, маған ұнай бастайды».
Pantene Pro-V Тазарту және Нәрлендіру бальзам-шайғышы
Pantene Pro-V Тазарту және Нәрлендіру бальзам-шайғышы

енді табу

WELLA сарапшысының жоққа шығаруы:

Шаштың түсі екі-үш күнде өзгере алмайды, ол Сіздің оған үйренуіңіз сонша уақыт алады!

Кәсіби колорист мамандардың айтуынша, шашы өткен жолы қолданған түске қайта боялса да, адам боялған шашқа лезде үйрене қоймайды.

 3-аңыз
Шаштың түсін жылдың мезгіліне қарай өзгерту қажет.

Клиенттердің әңгімелерінен:

  • «Жазда шашымды ашықтау түске қайта бояғым келіп тұр, сонда мен табиғи, күннің көзіне шамалы күйген сияқты болып көрінемін».
  • «Қыста қаралау түсті таңдаған дұрыс, шаштың ашық реңктері жасанды болып көрінетін сияқты».
  • «Өзімді сары шашты әйелмін деп қабылдаймын, ашық түсті шашпен өзіме-өзім қатты ұнаймын. Бірақ қыста қаралау түсте жүрген дұрыс деп айтады».

WELLA сарапшысының жоққа шығаруы:

Шаштың түсі – бейненің бір бөлігі және әрбір адамның жеке ісі. Ол жыл мезгіліне тәуелді болмайтыны анық.

Егер таңдаған түс Сізге жарасып тұрса, осы түспен шашты жыл сайын бояуға болады. Ең дұрысы, жыл мезгіліне қарап, бейнені 3-4 рет өзгерткенше, Сізге жарасатын бір түске тоқталып, оны жыл бойы ұстап тұру. Реңктермен ойнауға ешкім тыйым салмайды, бірақ бұл жыл мезгілімен байланысты болмауы тиіс. Сары шаштылар желтоқсан айында да, шілде айында да керемет болып көрінеді!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.