шашқа арналған ылғалдандырғыш құрал

Ылғалдандырғыш сусабын мен кондиционерді не үшін пайдалану қажет

Көбіміз сусабынды таңдағанда әдетте бір ғана қарапайым қағидатқа сүйенеміз: біз неге дағдылансақ, соны қолданамыз. Дегенмен, бұл тәсіл кейбір жолы болғыштарға жарап қалуы мүмкін, бірақ қалғандарының өз таңдауына аздап мұқият қарағандары дұрыс. Әсіресе, шашты ылғалдандыру жайында сөз қозғалса.


Неліктен шашқа ылғал қажет

Қажетті ылғал деңгейін сақтау бірсыпыра мәселелерді шешуге көмектеседі: шаштың сынғақтығы, бас терісінің құрғақтығы және шаштың қиын таралуы.

Біз өзіміздің шашымыз бен бас теріміз жайында сирек ойлаймыз, ал онымыз бекер, себебі бұл күрделі экожүйе, және де оның саулығын қадағалаудың маңызы зор. Өкінішке орай, шашымызға жасайтын нәрсеміздің көбі оны ылғалдан айыруы мүмкін. Мысалы, күн сәулесінің шамадан тыс әсері немесе шашты ыстық аспаптарды қолдана отырып сәндеу, сондай-ақ шаш үлгісін жасау үшін оны үнемі буу, ширату және байлау шашты зақымдап, құрғатып жіберуі мүмкін.

Ылғалдандыру шашты бұндай мәселелерден «емдемейді», себебі бас терісінің бетіндегі шаш бөлігі өлі жасушалардан тұрады. Алайда, Сіз шаштың әрі қарай зақымдануына жол бермей, шаштың сыртқы түрін жақсарта аласыз, ол үшін шаш пен бас терісін ылғалмен көбірек қамтамасыз ету қажет.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Шашты қалай дұрыс ылғалдандыру қажет

Бақытымызға орай, шаштағы ылғалдың жеткілікті деңгейін сақтау қиын емес. Жақсы ылғалдандырғыш сусабын мен кондиционер үнемі қолданыста болса, олар ғажап нәтиже бере алады. Head & Shoulders ұсынған Supreme өнімдер қатарының құралдары брендтің өзге өнімдері сияқты қайызғақпен тиімді күреседі және олардың құрамында өзінің ылғалдандырғыш қасиеттерімен әйгілі болған дәстүрлі косметикалық және дәрілік өнім — аргана майы бар.

Шашыңызға сәл қарқындырақ күтім қажет болған кезде, арнайы маска бас терісіндегі зат алмасу процесстерін тездетуге және шашты нығайтуға көмектеседі. Кез келген үйбикесінің қол астынан табылатын ингредиенттерден шашқа арналған масканы қолдан жасауға болады, бірақ та сарапшылар жасаған құралдарға, мысалы Head & Shoulders ұсынған Supreme қалпына келтіргіш кондиционеріне сенім артуға да болады. Supreme өнімдер қатарының барлық өнімдері сияқты осы кондиционердің құрамында да аргана майы бар. Ол шашты тиімді ылғалдандырады және шаштың саулығын сақтауға қажетті қоректендіргіш заттектерді жеткізіп тұрады.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс