Шашты қалыпқа келтірудің зиянсыз жолы

Шашқа зақымдамай қалып беру

Барлығы да шаштарының әрдайым жылтырап, сау әрі әдемі қалыпқа келтірілгенін қалайды. Бірақ күнделікті шаш қоюдан олар әлсізденіп, солғын тартып кетеді. Не істесе болады?


Сұлу болу үшін барлығына көну керек пе? Әрине, жоқ!

Біздің кеңестерімізді қолданып, сақтық ережелерін сақтаңыз.

Таза шаш әрдайым ұқыпты болып көрінеді. Сусабын кірді кетіріп қана қоймай, сонымен қатар пайдалы майды да қоса кетіретінін біліп жүру қажет. Сондықтан мүмкіндігінше басты күн сайын жумаңыз, әрдайым жұмсақ сусабынды қолданыңыз. Кондиционерді де ұмытпаңыз, ол шашқа қажетті ылғалды береді. Шаш өте майлы болып көрінбес үшін оны түп жағына жақпаңыз. Шашты сүрте отырып, оларды орамалмен ысқыламаңыз, тек зақымдалуды алдын алу үшін шамалы сүртіп қойыңыз. Ал егер Сізде үнемі ұйысатын және жан-жақтан шығып кететін ерік бермейтін  шаш болса, шайылып кетпейтін кондиционерге көңіл бөліңіз.

Шашқа арналған зиянсыз құралдар
Бүгінгі таңда дүкендерде өмірдің барлық жағдайларында қолданатын шашты қалыпқа келтіру құралдарын табуға болады. Бірақ әдемі шаш үлгісін ұзақ жылдарға сақтауды қаласаңыз, оларды ойланбастан және талдаусыз қолдана беруге болмайды. Өте қатты бекітетін құралдарды ерекше жағдайларда ғана қолданған дұрыс. Иә, олар қатты жел соққан ауа-райында немесе би алаңында шаш үлгісін сақтауға көмектесетіні рас, бірақ, оны жиі қолданатын болсаңыз, шаш сынғақ болып, өңсізденіп кетеді.

Күнделікті қолдану үшін жұмсағырақ құралдарды таңдаңыз. 
Шашты қалпына келтірудің жақсы табиғи құралы кокос майы болып табылады. Оны шашты қалыпқа келтіргенде де қолдануға болады: ол үшін алдымен алақанға майдың тамшысын тамызып алып, ысқылап, кейін шаштың ұшына жағыңыз. Бастысы шнктен тыс қолданбаңыз, әйтпесе, шашыңыз майланып, кірленгендей болып көрінеді.
Шашты құрғатқанда оны міндетті түрде қорғаңыз. Өйткені фендер мен үтіктер шашты керемет қалыпқа келтіруге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар шашты сынғыш және құрғақ етеді. Сол себепті арнайы спрейлерді, бальзамдар мен лосьондарды міндетті түрде қолданыңыз.
Құралды әрдайым шашыңыздың ерекшеліктерін ескере отырып, таңдаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Қауіпсіз шаш қою
Шашты қалыпқа келтірмес бұрын шашқа  қорғағыш құралды жағыңыз. Фенді шаштан кем дегенде 10 см қашықтықта ұстаңыз.
Қысқыштарды қолданбас бұрын, қызып кетуді және зақымдауды болдырмас үшін шаштың толығымен кепкендігіне көз жеткізіңіз. Қысқыштарды әрбір бұрымға бірнеше секунд ұстап, бірден жібере салыңыз. Шаш түзететін үтікті тоқтатпастан шаштың ұзына бойымен жүргізіңіз.

Шашқа арналған құралдарды мақсатымен ғана қолданыңыз, шаштарыңыз әрдайым әдемі әрі сау болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс