Ұшталған шаштан қалай құтылуға болады?

Ұшталған шашты қалпына келтіру

Шашыңызды ұзын етіп өсіргіңіз келеді, бірақ шашыңыз ұштала беріп, жоспарыңызды бұза бере ме? Мәселені шешетін кез келді! Шаштың ұшталуынан қалай құтылуға болатыны жөнінде біздің қарапайым кеңестерімізді оқыңыз.


Ұқыпты күтім
Табиғи құрамдас бөліктері қосылған сусабын мен кондиционерді қолдана отырып, басты салқын суда және сирек жууға тырысыңыз. Шашты ысқыламаңыз, оларды шамалы орамалмен сүртсе болғаны. Сулы шашты тарамаңыз және оңай шатасып қалатын қысқыштар мен резеңкелерді қолданбаңыз.

Ыстық ауадан қорғау
Шашты фенмен мүмкіндігіңізше сирек және жоғары емес температурада кептіруге тырысыңыз. Ыстық ауа – шаштың қас дұшпаны. Егер шашты қалыпқа келтіру қажет болса, Pantene арнайы қорғаныс спрейін қолданып көріңіз. Күннің астында жүргенде, әсіресе жағажайда жүрсеңіз, міндетті түрде бас киім киіңіз.

Ылғалдандыру және қоректендіру
Ұшталған шаш — бұл тек салдар, сондықтан шашты толықтай қоректендіру қажет. Аптасына бір рет ылғалдандыратын маска жасап, әрдайым шашқа арналған кондиционерді қолданыңыз.

Дұрыс тамақтану
Фолий қышқылы және биотон сияқты заттар шаштың сау және әдемі болып өсуіне көмектеседі. Олар бұршақ, бидай, қоңыр күріш пен жаңғақ құрамында бар.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Шашты тұрақты түрде қию
«Шашымды өсіргім келсе, шашты қалайша қиямын?» — деп орынды таң қалатын шығарсыз. Шашты жиі қиған сайын, соғұрлым шаш жылдам өседі. Сондықтан жаңа он сантиметрге қол жеткізу үшін шашты бір сантимерге қиюға дайын болыңыз!

Үй жағдайындағы косметика
Шашқа толыққанды күтім беру үшін сұлулық салонына барып, көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ, тоңазытқышты ашсаңыз да жеткілікті. Тамаша қоректендіретін масканы жасай аласыз. Ол үшін келесі өнімдер қажет болады:
• Зәйтүн немесе кокос майы
• Авокадо 
• Бал 
• Папайя және йогурт 
• Сыра
• Майлы кілегей мен сүттің қоспасы
• Түймедақ тұнбасы

Арнайы эликсирлер
Шаштың ұшына арналған арнайы косметиканы қолдануды ұмытпаңыз. Мысалы, Pantene Pro-V сарысулары және спрейлері. Шаштың зақымдалуына жол бермейтін олардың құрамына авокадо, бамбук және жүзім сүйектері кіреді.

Ұшталған шашты толық қалпына келтіріп, өзіңізге сыйлық жасаңыз, ал шашыңыз әрдайым әдемі, сау әрі қалың болсын!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.