Аяққа арналған маска

Аяққа арналған маска

Аяқтарым әдемі болу үшін мен әрдайым ваннадан кейін оларды орамалмен ысқылап, оларға қолдан жасауға болатын май қоспасын жағамын.


Ол үшін шай ағашы майының шай қасығын, сол мөлшерде күнжіт майын, апельсин мен грейпфруттың бірнеше тамшысын алып, жақсылап араластырыңыз. Бұл қоспаны шамалы қыздырап, табанға жағыңыз. Егер теріңіз қатты құрғап, қатты күстеніп кетсе, онда табанға да жағып, аяққа арналған масканы жарты сағат ұстаған артық болмас. Ол үшін май қоспасын алып, оны ботқа түзілгенге дейін қара бидай нанының жұмсағымен араластырыңыз, кейін табанға және аяқ башпайларына жағып, пергамент қағазға ораңыз, көрпе жабыңыз, біраз уақыттан кейін барлығын жылы сумен жауып тастап, нәтижені бекіту үшін күнжіт майын немесе бұрыннан қолданатын май қоспасын жағыңыз. Аптасына бірнеше рет өз аяқтарымды пайдалы емдік шөп қосылған ванналарға саламын, ол күстенген теріні жұмсартады, ваннаға салғаннан кейін әдеттегі пемзаның көмегімен осы теріні кетіре алады. Осындай ваннаны дайындау үшін майоранның, жалбыздың, гүлшетеннің, жебіршөптің бір уысын алып, үш литр қайнаған суды құйыңыз да, 10 минут қайнатыңыз, шығу үшін бір сағатқа қалдырып суытып қойыңыз, кейін сүзіп алыңыз да, жасалған тұнбаға бір уыстан аз теңіз тұзын қосып ерітіңіз. Аяқты салуға болатын ыдысқа қайнатпаны құйып, осы емдік қайнатпада аяғыңызды 25-30 минут ұстаңыз. Одан кейін оларды қайнатпадан шығарып, пемзаның көмегімен суланған теріні кетіріңіз. Бастысы, осы процедурадан кейін аяққа шай ағашының майын жағуды ұмытпаңыз. Аяқтың шаршағанын және ісінуді тамаша басатын, қан айналымын қалпына келтіретін жөке қайнатпасы қосылған ваннаны да қолдануға болады. Үш литр қайнаған суды алып, онымен жөке гүлдерінің 60 г қайнатыңыз, шығу үшін 50 минутқа қалдырып қойыңыз да, сүзіп алыңыз, жасалған қайнатпаға йодталған тұздың екі қасығын қосып ерітіңіз және осы ваннаға аяқты 25 минутқа салыңыз. Осыдан кейін аяқты сүртіп, төрт минут ішінде алдын ала дайындалған жөке мұзымен сүртіңіз. Нәтижесі керемет! Енді барша жұртқа аяқтарыңыздың әдемілігін көрсетуге болады!!!

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

EverydayMe. Қатысушысымен Veronika65 жарияланған, 2014 жыл 28 сәуір

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс