Аяқ терісін нәзік әрі тегіс етуге көмектесетін бірнеше қарапайым әдіс

Аяқ терісін нәзік әрі тегіс етуге көмектесетін бірнеше қарапайым әдіс

Аяқ терісін нәзік әрі тегіс етуге көмектесетін бірнеше қарапайым әдіс


1. Жұмыртқа сары уызын лимон шырынының шай қасығымен және картоп крахмалының ас қасығымен араластырыңыз. Қоспаны буланған өкшеге жағып, «қабықша» болғанға дейін кепкенше ұстап тұрыңыз, жылы сумен жуыңыз да, өкшеге майлы крем жағыңыз. 2. Алоэның шырынды кішкентай жапырағын алып, оны үгітіп (ұсақтап), жұмсағын проблемалы жерлерге қойыңыз, полиэтиленмен жабыңыз да, үстінен мақта маталы шұлықты киіңіз. Бұл түні бойы ұстайтын компресс. 3. Жарты пиязды және қырыққабат жапырақтарын (1:1) ұсақтап, езілген піскен картоппен (жылы болуы қажет) араластырыңыз, әрбір аяққа екі пакет алыңыз, соның ішіне қоспаны салып, аяқты сол пакеттің ішіне салыңыз. Отырып кино көреміз. Егер ертеңіне төсекте картоп пен пияздан жасалған таңғы астың ішінде шошып оянудан қорықпасаңыз, үстінен шұлық киіп, ұйықтауға да болады. 4. Өкшедегі тері қатты күстеніп, қырғышқа  ұқсап кетсе (бұл терінің жоғарғы қабаты өліп барады дегенді білдіреді), сабынды-содалы немесе шөп қосылған ваннаға аяқты салғаннан кейін лезде өкшеге жас түйінді пияздан жасалған компресті салу керек. Кішірек пияздың басын қатты қайнаған сумен бірнеше рет жібітіп алып, екіге бөліңіз де, өкшеге салыңыз, үстінен полиэтиленді үлдір қойып ораңыз да, түні бойы қалдырыңыз. Таңертең қалған пиязды алып тастап, жақсылап пемзамен өкшені ысқылаңыз және оған айналдыра отырып майлы кремді жағыңыз. Бар жоғы 2-3 процедураны жасау жеткілікті, сонда өкшедегі тері нәзік әрі тегіс болады. 5. Өкшедегі күстенген теріні өкшеге балғын кәдіштен масканы салып, жұмсартуға болады. Кәдішті ұсақтап турап, дәкеге салыңыз да, 30 минутқа өкшеге салып қойыңыз, осыдан кейін жылы сумен жуып тастап, майлы қоректендіретін кремді жағыңыз. Осындай масканы аптасына бір рет жасаңыз, сонда өкшеңіздегі теріңіз раушан гүлдің күлтесіндей нәзік болады. 6. Көк шайдың керемет емдік қасиеттері жөнінде білетін шығарсыз. Санаулы күн ішінде өкшені лайықты түрге келтіріп, оларды тегіс әрі нәзік ету үшін көк шай мен лимоннан жасалған масканы жасап көріңіз. Цедраны ботқа тәріздес түрге келтіріп, көк шайдың бұқтырылған жапырақтарымен араластырыңыз. Мүмкіндігінше қоспа жылы болғаны дұрыс, оны табанға жағып, полиэтиленмен орап, шұлық киіп алыңыз. 7. Балғын сүйелшөпті ұсақтап, табанға компресс етіп салыңыз да, полиэтиленмен орап, үстінен шұлық киіп ұйықтаңыз. Күстенген теріні кейін қырмауға да болады – әдеттегі жөкемен де кетеді, өкше жақсы болып кету үшін осындай процедураның біреуі де жеткілікті. 8. Буланған өкшеге кофе (ұсақталған да болады, бірақ кофе тұнбасы жақсырақ болады), кілегей, айран, бал қоспасын жағыңыз. Барлығын теріге жағып, 15 минут ұстаңыз да, жуып тастаңыз. Кейін өкшеге ланолинді жағыңыз (дәріхананың рецептілік бөлімінде сатылады), үстінен целлофан орап, шұлық киіңіз. Сосын ұйықтаңыз. 9. Балғын зәйтүн жұмсағы + қызыл жүзімнің жұмсағы – қымбаттау, бірақ әсері мол. 10. Тұз (теңіз тұзы болса дұрыс болады) араластырылған зәйтүн майын өкшеге жақсылап ысқылаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

EverydayMe.қатысушысымен жарияланған fartova жарияланған, 2014 жыл 19 мамыр

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.