Бетке күтім жасаудағы зиянды әдеттер

Бетке күтім жасаудағы зиянды әдеттер

Әрбір әйел өзіне теріге күтім жасаудың әдеттегі әдістері мен рәсімдерінің кешенін қалыптастырып алады. Барлығы шынымен дұрыс және теріңіздің түріне сәйкес келеді деп ешкім нақты айта алмайды. Теріге күтім жасағанда қандай әдеттерден аулақ болған дұрыс?


1. Күннен қорғайтын құралдарды елемеу. Секпілдердің пайда болуынан, пигментацияланудан, құрғап кетуден және тері тонусының жалпы жоғалуынан қорғайтын оңтайлы амал – бұл күннен қорғайтын факторы 15 және одан да көп құралдарды пайдалану. Қалада Сізге spf 15-30 жеткілікті болады, ал жағажай не қала шетінде демалу үшін одан да жоғары факторды алған дұрыс
2. Шамадан артық қабыршықтану. Терінің теп- тегіс, ешбір ақаусыз болуы, әрине, жақсы. Эксфолианттарды көп қолдану терінің қатты құрғап кетуіне және терінің жиі майланып кетуіне әкеледі деп дерматологтар айтады. Сүтше негізіндегі немесе гликольді қышқыл негізіндегі крем құралын таңдаңыз. Жазда қышқылды күтіммен қатар 1-тармақта аталған құралдар өте қажет болатынын ұмытпаңыз.
3. Косметологтардың айтуынша, дұрыс таңдамау – ең көп таралған қателік. Теріге күтім жасаудың жиынтығы мынадай болуы тиіс:
- майлы теріге – салицил қышқылы негізіндегі жуатын құрал, лосьон немесе жұмсақ крем, негіздегі скраб;
- аралас теріге – майлы теріге арналған көбік, барлық бетке және құрғақ жерлерге жағылатын майсыз ылғалдандыратын құрал;
- сезімтал теріге – ши майы және гиалуронды қышқыл бар крем;
- құрғақ теріге - крем консистенциясындағы, құрамында сабыны жоқ жуатын құрал, ылғалдандыратын крем.
4. Мойын терісіне және декольтеге күтім жасауды елемеу. Әйел жасын оның қолы мен мойны білдіріп қояды деп бекер айтпайды. Теріге күтім жасау ешқашан жақ сызығымен бітпейтінін есіңізде ұстаңыз. Мойын мен декольтені де ылғалдандыру қажет. Осы нәзік жерлерді ұмытпау маңызды!
5. Зиянды әдеттер. Әйгілі сөздер: «Біздің теріміз – жеген тамағымызды көрсетеді». Дұрыс рацион – бұл жас болудың және теріңіздің тонусының ең маңызды шарты. Темекі шегуге келетін болсақ, бұны өзіңіз де жақсы білесіз. Ол алдын ала қартаюға септігін тигізеді, ішімдік сусындарын ішкенде де тура солай.
6. Макияжға арналған лас жаққыштарды қолдану. Жаққыштарды жиі жуып тұрыңыз, оны жұмсақ сабын мен суда жуыңыз. Осыған арналған арнайы құралыңыз болатын болса, сонымен тазаласаңыз да болады.

EverydayMe. қатысушысы людмила112 жариялады, 2014 жылғы 25 мамыр

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.