Бет күтімін таңдау

Бетіңізге лайықты күтімді қамтамасыз етіп, көбірек ақша үнемдеп, оған қоса көңілді қалай көтеруге болады?

Өз қолыңызбен үйде дайындаған косметика таза әрі табиғи болады, оны ешкім жануарларға сынамайды (мысығыңыз есепке алынбайды), және ешқандай зиянды химикаттардан немесе консерванттардан тұрмайтындығы да нақты.


Өзіңіз ойлап көріңізші, өз қолыңызбен үйде дайындаған косметика таза әрі табиғи болады, оны ешкім жануарға сынамайды (мысығыңыз есепке алынбайды) және ешқандай зиянды химикаттардан немесе консерванттардан тұрмайтыны анық. Көркіңізге одан бетер сұлулық беретін бірнеше рецептіні ұсынамыз!

Тазалау құралдары

ЖЫЛДАМ ТАЗАЛАУ Теріні тазалаудың көне және қарапайым әдістерінің бірі – майды пайдалану. Бұл тез құрғап кететін жасы келген әйелдердің терісіне әсіресе пайдалы. Бадам немесе күнбағыс майын бетке (мойын мен қабақты да ұмытпаңыз) жұқалап жағыңыз және ұқыптап бірнеше минут бойы уқалап сіңдіріңіз. Қалған майды мақтамен сүртіп тастаңыз.

СЕРГІТЕТІН БУ ВАННАСЫ Шағын ваннаға қайнап тұрған суды құйыңыз. Жарты лимонның шырынын және раушан хош иісі бар шамалы әтірді – қаласаңыз раушанның бірнеше күлтесін қосыңыз. Бетті ванна үстінде бір-екі минут ұстап тұрыңыз (бу жан жаққа аз шығатындай ванна үстінде ұстап тұрған басыңызды орамалмен жауып қойыңыз ). Бетті орамалмен сулаңыз.

Бетке арналған скрабтар мен маскалар


СҰЛЫ СКРАБЫ Егер теріңіз сезімтал болса, осы жұмсақ скрабты қолданып көріңіз: екі толы шай қасық сұлы ұнын майлы кілегейдің екі шай қасығымен араластырыңыз. Өлі теріні қабыршықтандыру үшін айналдыра отырып бетке жағыңыз да, кейін жуып тастаңыз.

БҮЛДІРГЕН ЙОГУРТЫНАН ЖАСАЛҒАН МАСКА Бүлдірген мен йогуртта теріні ылғалдандыратын және оның жаңаруына мүмкіндік беретін жемістің бірнеше бөлшектері және сүт қышқылы бар. Одан басқа, осы әлсіз қышқылдар тері пигментациясын азайтуға көмектеседі және тұрақты түрде қолданғанда жас келе пигментациялық дақтарды ағартады. Бүлдірген йогуртының (мүмкіндігінше үйде дайындалған немесе «органикалық) ¼ шыныаяғын таза бетке біркелкі етіп жағыңыз, бірақ көздің айналасына тигізбеңіз. 20-30 минутқа қалдырып, кейін мұқият сүртіңіз де, теріні жақсылап жуып алыңыз.

АВОКАДОДАН ЖАСАЛҒАН МАСКА Шаршаған теріні сергіту үшін жарты авокадодан паста жасаңыз да, маска ретінде бетке жағыңыз. 20 минутқа қалдырыңыз, ал одан кейін жылы сумен жуып, жұмсақ орамалмен сүртіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

БАДАМНАН, БАЛДАН, СҮТТЕН ЖӘНЕ АЛОЭДАН ЖАСАЛҒАН МАСКА Бұл маска ылғалдандырады, сондықтан теріңіз құрғақ болса, бұл Сіздің таңдауыңыз. Сізге тірі алоэ, нақтырақ айтқанда, одан гельді сығып алу үшін бірнеше жапырағы қажет. Органикалық құрғақ сүттің 1 шай қасығын ұнтақталған органикалық бадамның 1 шай қасығымен араластырыңыз. Органикалық балдың 1 ас қасығын және органикалық алоэ верадан сығылған гельдің 1 шай қасығын қосыңыз. Енді қоспаға нероли эфир майының екі тамшысын қосып, бетке жағыңыз. 10–15 минутқа қалдырыңыз. Беттен қоспаны жылы сумен жақсылап жуып алыңыз да, жұмсақ орамалмен сүртіңіз. Құрам бөліктерінің көрсетілген көлемі екі-үш рет пайдалануға арналған маска мөлшерін дайындауға жеткілікті. Оны тоңазытқышқа салынған ауа кірмейтін ыдыста екі аптадан аспайтын уақыт сақтауға болады.

ЕРІНДІ ТАЗАЛАЙТЫН ЛИМОН БАЛЬЗАМЫ ½ шай қасық майонез, ¼ шай қасық ас содасын және ¼ шай қасық лимон шырынын алып, қоспа біркелкі болмайынша араластырамыз. Жұмсақ әрі таза тіс қылсабымен айналдыра отырып, оны ерінге ұқыптап жағыңыз. Лимон шырыны теріні шамалы қабыршықтандырады, нәтижесінде өлі жасушалардан тазаруына көмектеседі.

КОФЕ СКРАБЫ Ұнтақталған кофенің 6 ас қасығын экстра-класс («Extra Virgin») ¼ шыныаяқ зәйтүн майымен араластырыңыз. Қоспа қою лайға ұқсауы тиіс. Теріге (бетке немесе денеге) қалың етіп жағыңыз да ысқылаңыз. Бұл скраб екі апта бойы барлық өз қасиеттерін сақтайды, оны ауа өтпейтін ыдысқа салып, бөлме температурасында ұстасаңыз болғаны.

Ескертпе: Кофе өте ұсақ тартылған болуы тиіс. Қажет болғанда оны екінші рет кофе ұнтағышынан өткізіп алыңыз.

БАЛДАН ЖӘНЕ КУРКУМАДАН ЖАСАЛҒАН ТЕРІ КЕМШІЛІКТЕРІНЕ ҚАРСЫ ПАСТА Сұйық балдың екі шай қасығын, ұсақ ұнтақталған теңіз тұзының ¼ шай қасығын және қою паста шығатындай куркуманың 1 шай қасығын қосып араластырыңыз. Проблемалық жерлерге жағыңыз да 30 минутқа, не түні бойына қалдырып қойыңыз.

ЕРІНДІ ЖҰМСАРТАТЫН ҚҰРАЛ Ерінге және оның айналасындағы терісіне жағылған бадам майы олардың қажетті заттарының сіңуіне көмектесіп, бір уақытта ылғалдандырады.

КӨЗДІ СЕРГІТУ Үккіштен өткізілген қиярдың 2 ас қасығын және қою паста шығатындай құрғақ сүттің 1 шай қасығын қосып араластырыңыз. Көзді жұмыңыз да, оны әрбір көздің жоғарғы және астыңғы қабақтарына жағыңыз. 10 минут күте тұрыңыз, кейін ұқыптап ылғалды мақтамен сүртіп алыңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.