Үй жағдайында тері шымырлығына арналған ванналар

Үй жағдайында тері шымырлығына арналған ванналар

Тері шымырлығына арналған ванналардың бірнеше рецептісі


Теріні шымыр, созылғыш, барқыттай етіп, целлюлитпен күресуге апельсин ваннасы жақсы көмектеседі. Құрамы: ● апельсин 5 дана ● зәйтүн майы 3 ас қасық ● су 0,5 литр. Апельсинді турап, оның шырынын сығып алыңыз да, зәйтүн майы мен сумен араластырыңыз. Қоспаны ваннаға құйыңыз. Су шамалы салқын болғаны дұрыс, бұл теріге ынталандырғыш әсер береді. Апельсин ваннасын аптасына бір рет алу ұсынылады. Теңіз тұзы қосылған ванна да целлюлитпен, артық салмақпен және терінің босауымен жақсы күресетін әсері бар құрал болып есептелінеді. Ваннаға 500 гр кез келген теңіз тұзын қосып, қол мен аяқты белсенді бұлғап, онда 15 минут жатыңыз. Ванна терінің күйін жақсартып қана қоймай, күйзелісті басып, көңіл-күйді көтереді. Тамаша тағы бір нұсқа – раушангүл майы қосылған бал мен сүт ваннасы. Жылы бал тостағанын қайнап тұрған емес, ыстық сүтпен араластырып, кейін оған раушангүл майын майды (2 ас қасық) қосу қажет. Алынған қоспаны ваннаға құйыңыз; Сізге ұнағанша суда жата беріңіз. Шөп қосылған ванна – оларды дәріханадан сатып алуға болады немесе өзіңіз жинап алсаңыз да болады. Дәрілік түйе жоңышқаны, тасшөп жебірді, дәріханалық түймедақты, аққайың жапырақтарын – 1 бөлігін; жабысқақ шөпті – 2 бөлігін алыңыз; барлығына қайнаған су құйып қайнатыңыз. Бұғып тұрғаннан кейін қабылдайтын ванна суына құйыңыз. Осындай ванна теріні тазартып қана қоймай, оған қоса шымырлықты және созылғыштықты қайтарады. Раушан гүлдің күлтесінен, жалбыздан, киікотынан, жаужапырақтан жасалған тұнбаны ваннаға қосса, теріні жасартады және оның қартаюын баяулатады. Оларды дайындау өте оңай, ал әсері болса, таңқалдырарлық.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

AlenaJurba EverydayMe.қатысушысымен жарияланған , 2014 жыл 20 мамыр

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс