Акнемен күресу әдістері

Акнеден қалай құтылса болады

Акне – нағыз косметикалық мәселе. Кейде оны шешемін деп, одан әрі өршітіп аласың. Акнеден, қалай құтылып, теріні таза етуге болады?


№1 аңыз. Безеуден құтылу үшін оларды кептіру қажет.

Безеулерді кептіре отырып, біз терінің ылғалдығын кемітеміз, бұл жағдайда безеу қалай болды сол күйде ішінде қала береді, ал тері күйі одан бетер нашарлайды. Ылғалдан айырылған тері қорғаныссыз қалады да, бактерияның ену қаупі арта түседі.

Не істесе болады: безеулердің пайда болуының себебі көбінде май бездерінің дұрыс жұмыс істемеуі болып табылады. Біздің міндетіміз – теріні ішкі жағынан қалпына келтіру. Теріні жұмсақ етіп тазартып, қырмызы негізіндегі немесе дәріханалық түймедақ тоникпен сүрту, маска жасау, мысалы, ақ балшықтан (ол керемет тазартып, терінің сіңіруін жақсартады) маска жасау маңызды, ешбір жағдайда скрабтар мен пилингтерді қолданбаңыз – агрессивті әсер теріні тек одан бетер жарақаттайды.

№2 аңыз. Барлық мәселе ластануда жатыр. Безеулерден құтылу үшін теріні жақсылап тұрып тазалау қажет.

Теріні мүмкіндігінше көбірек тазалай отырып, біз көп жағдайда агрессивті құралдарды, мысалы, спирт лосьондарын және скрабтарды қолданамыз. Осымен бұл мәселені тек қиындатамыз. Жарақаттанған тері одан әрі қабына береді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Не істесе болады: проблемалық тері болғанда әсіресе пилинг қарсы көрсетілген. Арнайы тазартатын құралдарды қолдана отырып, теріге жұмсақ әсер етіңіз, бетті салқын қайнаған сумен шайыңыз. Тонус үшін жуынғаннан кейін теріні түймедақ немесе алоэ қосылған мұз кесегімен сүртіңіз. Осылай сүртіп отырсаңыз, қабынуға қарсы күшті әсер болады.

№3 аңыз. Безеулер теріде пайда болады, демек теріні емдеу қажет.

Теріге дұрыс күтім жасамау салдарынан безеудің пайда болуы сирек. Көбінесе мәселе ішкі жақтан туындайды. Әрбір шыққан безеу 2-3 апта бойы қалыптасады. Мәселенің себебін түсіну үшін ағзаның қай жері әлсіз екенін біліп алу қажет. Бұл ас қорытудың бұзылуы, асқазанмен немесе ішекпен байланысты проблемалар, сондай-ақ, гормоналдық ақаулық болуы мүмкін.

Не істесе болады: дәрігерге қаралыңыз және барлық қажетті анализдерді тапсырыңыз. Себебін неғұрлым тезірек білсеңіз, соғұрлым проблемалардан жеңіл құтыласыз. Көп жағдайда қабыну етеккір келер алдында күшейе түседі. Емдеуді тек дәрігер бере алады, ал процесті жылдамдату үшін тамақтан барлық қуырылған, ащы және тұзды тағамдарды шығарып тастаңыз, сондай-ақ, алколгольді ішімдіктер ішпеңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

.. Тамаша мазмұнды рахмет.

  • Шағымдану