Автозагардың оң және теріс жақтары

Солярийсіз күнге күю. Жасанды күнге күюдің оң және теріс жақтары

Ақсүйектік бозарыңқылық бір кездері сұлулық эталоны болып есептелген және әрбір сыпайы қыз бетін күннен шляпа немесе қолшатырмен тасалап, қорғап жүретін. Бірақ уақыт өзгерді, сәнқойлар үшін жаңа стандарт күнге күйген спорттық дене болды, оған қол жеткізу үшін әйелдер сағаттап жағажайда жататын болған.


Ресейлік сұр көктемде, әрине, біз жағажайды ойлай алмаймыз, сондықтан нәзік күнге күю үшін қыздар жиі солиярийге баратын болды. Бірақ сұлулық ағзаға УК-сәулелердің шамадан тыс мөлшерінен келтірілген зиянға тұрарлық па? Солярийсіз-ақ әдемілеп күнге күюге бола ма?

Заманауи косметология осыдан шығатын жолды бұрыннан-ақ тауып қойған - бронзаторлар. Теріге табиғи күнге күюдің әр түрлі деңгейіндегі реңктерін беретін құралдар тобы осылайша аталады. Оларды шартты түрде екі санатқа бөлуге болады: бронзанттар және жасанды күнқақ. Бронзанттар — бұл теріге күнге күйгендей түс беретін бір күндік құралдар. Олар сумен оңай жуылады және айрықша көрінгіңіз келетін кешкі сауыққа те жарамды. Жасанды күнқақтар — бұл ұзақ уақыт әсер ететін құралдар. Олар терімен реакцияға түсіп, бірте-бірте шыға бастайды, әсері де бірнеше кешке жетіп қалады. Жасанды күнге күюдің барлық құралдары теріге ажарлы салауатты түр береді, ал оның көбі бірқатар оң қасиеттерге ие. Арнайы құрамдас бөліктердің арқасында жасанды күнқақ лосьондар теріні ылғалдандырып, қоректендіреді және оған шымырлықты қамтамасыз етеді.
Жасанды күнқақтардың жақсы жақтарымен қоса, теріс жақтары да бар. Ең бастысы, жасанды күнқақты маманның көмегіне жүгінбей, өз бетіңізбен  біркелкі етіп жағу – оңай шаруа емес. Біркелкі емес түс, айғыздар және дақтар – жасанды күнге күюдің жиі кездесетін кемшіліктері. Сондықтан, оны жаққанда өте ұқыпты болу қажет, пилинг жасап, теріні процедураға алдын ала дайындау қажет. Одан басқа, жасанды күнқақ киімді былғауы мүмкін, сондықтан ашық түсті киімдерді оны жаққаннан кейін 6 сағаттан кейін ғана кию қажет.
Бронзатор құралы шынайы түрде күнге күюге қарағанда теріні күн сәулелерінен қорғамайтынын есте сақтап жүріңіз, сол себепті оларды қолданғанда қосымша UVB-/UVA-сүзгілері бар арнайы косметиканы қолдану ұсынылады.

Күнге күйген әдемі келбетіңізді айрықша етіп көрсетуге қосымша құралдар  көмектеседі. Қоңыр түсті тушьті пайдаланып көріңіз, жылы түстерге көбірек мән бөліңіз (мысалы, ақшыл сары немесе алтын түстер), қола реңкті бет далабын ұмытпаңыз. Бірақ, ең бастысы, сұлу болу жолында артық қыламын деп тыртық қылып жүрмеңіз, артық мөлшерде күнге күю бодибилдерлер конкурсының қатысушыларына пародия жасаған сияқты болып көрінеді. Ал олардың осындай түрлері әсемдік үлгісі деп айта алмаймыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс