Дене мен шаш күтімі. Аңыздар мен жаңылысулар

Сұлулық туралы басты аңыздар мен жаңылыстар

Көне құпиялардың нағыз сақтаушылары ретінде әйелдер сұлулық пен әдемілік құпияларын ұрпақтан ұрпаққа беріп, бөлісіп келеді. Тек көптеген осындай айла-амалдардың көбі өкінішті жаңылыстар болып қала беруде! Әйел сұлулығы мен денсаулығы туралы ең басты аңыздарды Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз!


Қызыл түсті далап тұрпайы көрінеді
Әрине бұл олай емес! Бастысы – реңкті дұрыс таңдау. Алдымен, ерінге арналған қызыл түсті жылтырақты қолданып көріңіз, кейін одан да тығыз текстураға көшіңіз. Егер теріңіз жылы реңкті болса, қызыл-қызғылт-сары түсті далапты, ал егер салқын болса – қызыл-қою-қызыл далапты таңдаңыз.

Сатып алынған ешбір косметика үйдегіге жетпейді
Медицина, биология және химия саласындағы ең жақсы мамандар теріңізге сұлулық пен денсаулықты сыйлау үшін жаңа формулалар шығарып жатыр. Үйіңізде соншалықты пайдалы ингредиенттер табылары екіталай. Сондықтан өзіңіздің дайындаған маскаңызбен ғана шектелудің қажеті жоқ.

Тырнаққа арналған лакты теріден кетіру қиын
Ешбір қыз шетіне шығып кетпей, тырнағын әрдайым ұқыпты етіп бояймын деп мақтанып айта алмайды. Ал теріге тиген лакты кетіру мүлдем қиынның қиыны! Бірақ оны шешетін амал бар. Тырнақты кешкі уақытта бояңыз, ал кепкен кезде еш алаңсыз ұйықтай бересіз. Таңертең ыстық душта тұрып барлық жағылған жерлерін оңай кетіре аласыз.

Тіс пастасы безеуден арылуға көмектеседі
Тәуекелге бармаңыз. Бұл аңыз тіс пастасының құрамында қабынуға қарсы әрекеті бар мырыш болған кезде пайда болған. Бірақ заманауи формулаларда ол жоқ, сондықтан арнайы құралдарды қолданған жөн.

Реңк бергіш крем безеудің пайда болуына септігін тигізеді

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Мүлдем олай емес. Керісінше, заманауи реңк бергіш құралдардың құрамына қабынуға қарсы құрамдас бөліктер кіреді. Қоршаған ортаның жағымсыз әсерлерінен реңкті креммен қорғалған тері еш кедергісіз ауа өткізе алады. Тек ұйықтар алдында макияжды жуып жатуды ұмытып кетпеңіз.

Сирек күнге күю ешқандай зиян келтірмейді
Керісінше, егер күннің көзіне жылына бір рет қана шықса, теріңіз ультракүлгіннің агрессивті әсеріне мүлдем дайын болмайды. Ең жақсысы теріні күнге күюге бірте-бірте дайындау керек.

Бет далабы бетті әрдайым жасанды етіп көрсетеді
Барлығы таңдалған реңкке байланысты болады. Сізге қажетті түстегі жеңіл бет далабы бетке демалған және жарқылдаған түрді көрсетеді. Тек қана ережені есте ұстасаңыз болғаны: артық қыламын деп, тыртық қылып алмаңыз.

Безеулерді тек қымбат тұратын құралдармен ғана емдеуге болады
Кезінде біздің әжелеріміз өте қарапайым құпияны білген болатын: аспирин таблеткасын ұсақтап, алынған ұнтақты шамалы сумен араластырыңыз да безеуге жағыңыз. Салицил қышқылы қабынумен жақсы күреседі.

Ал Сіз қандай аңыздарды білесіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс