Бет терісі мінсіз болуы үшін не істеу қажет?

Тері мінсіздігіне қалай қол жеткізуге болады

Әжімдерді кетіру, шаршауды жасыру, теріге жас реңк беру, ылғалдандырып, оны тонусқа келтіру – толықтай өзіміз істей алатын нәрселер. Бет терісін мінсіз ететін кез келді!


Беттің өңі қашуы, терінің шаршаған түрі, әжімдер – күйзелістің салдары, қозғалыс аздығы және таза ауаның жетіспеушілігі. Теріге жас күй беру, оны ылғалдандыру және әжімнен құтылу қолымыздан әбден келеді.

  •  Компресс жасаймыз. Бір ыдысқа ыстық суды, ал басқасына мұздай суды  құйыңыз (краннан суық суды алып, оған мұз қосыңыз). Бет орамалды алып, оны ыстық суға салыңыз да, сығып бетке апарыңыз. Осылай үш рет қайталаңыз. Одан кейін тура осыны мұздай сумен жасаңыз. Осындай компресстен кейін бет терісі лезде тегістеліп, тонус және бет шырайлығы пайда болады. Процедураны аптасына бірнеше рет қайталаңыз.
  •  Күнде теріге арнайы крем жағыңыз. Таңертең теріні жазатын, ал кешке шаршауды басатын кремді пайдаланыңыз.
  •  Жүгіру, биге бару, аэробика – бұл спорт түрлері дене пішіміне үйлесімдік беріп, тері сапасын жақсартады. Керілу де терінің жасаруына септігін тигізеді, өйткені жаттығу жасағанда ағзада коллаген шыға бастайды.
  •  Егер таңертеңнен бастап теріңіз шаршаңқы болып, көзіңіз қарайып не ісіп кеткен болса, кешкі астан бас тартыңыз! Нәтижесі алғашқы таңда-ақ көрінетін болады.

Қарапайым әдіс

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Еңкейіңіз (еденнен түсіп қалған кілтті алғандай) және отызға дейін санаңыз. Беттің шырайлығы лезде пайда болады.

Әжімдермен күресетін өз әдісіңіз бар ма? Теріні қалай жасартуға болатынын білесіз бе? Осы құпияларды қалған әйелдерден жасырмаңыз! «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, сайттың басқа пайдаланушыларымен бөлісіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.