Бетке арналған үй косметикасы

Бетке арналған үй косметикасы

Нағыз косметолог болып, теріні тазарту және қоректендіру үшін өзіңіз үшін жеке табиғи құралдарды жасағыңыз келе ме? Біздің рецепттерімізді қолданыңыз!


Тазарту

Құрғақ теріні тазарту
Кемелденген және құрғақ теріге арналған ең көне тазартатын құрал май болып табылады. Бадам немесе күнбағыс майын жұқалап етіп мойын мен бетке жағыңыз, кейін мақта дискінің көмегімен жуып тастайсыз.

Теріні тазартып, ажарын келтірудегі будың күші
Ыдысқа қайнаған суды құйып, жарты лимон шырынын және раушан суының бірнеше тамшысын қосыңыз. Бетті буға бірнеше минут бойы ұстап тұрыңыз. Осындай бу ваннасы теріні жақсы тазарту үшін булауға, оның су теңгерімін қалпына келтіруге, оттегімен қанығуына көмектеседі.

Бетке арналған скрабтар мен маскалар
Сезімтал теріге арналған сұлы жармасынан жасалған нәзік скраб
2 шай қасық сұлы жармасын 2 шай қасық қаймақпен араластырыңыз. Теріге айналдыра отырып жағыңыз да, жақсылап сумен жуып тастаңыз.

Бүлдірген йогуртынан жасалған маска
Бүлдірген йогурты теріні тазартып, жұмсартуға көмектеседі. Табиғи йогуртты көз айналасындағы жерге тигізбей, бетке біркелкі етіп жағыңыз да, 20-30 минутқа қалдырып қойыңыз.

Авокадодан жасалған маска
Авокадодан жасалған маска бетке сау түс пен жарқыл береді. Жарты авокадоны езіп, бетке біркелкі етіп жағыңыз. 20 минутқа қалдырып қойыңыз да, кейін жылы сумен жуыңыз.

face

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Бадам, бал және алоэ қосылған ылғалдандыратын сүтті маска
Сүтті, ұнтақталған бадамды және алоэ вераның табиғи шырынын (өсімдіктен тікелей шырынын сығып алған дұрыс) 1 шай қасықтан алып, табиғи балдың 1 ас қасығын араластырыңыз. Неролидің (жабайы апельсин гүлдерінен алынған эфир майы) бірнеше тамшысын қосыңыз да, масканы бетке жағыңыз. 10-15 минутқа қалдырыңыз да, кейін жылы сумен жуыңыз. Тоңазытқышта сақтаңыз.

Кофе скрабы
Ұнтақталған кофенің 6 ас қасығын және зәйтүн майының ¼ шыныаяғын араластырыңыз. Теріге айналдыра отырып жағыңыз, кейін жылы сумен жуыңыз. Екі апта бойы бөлме температурасында герметикалық қаптамада сақтаңыз.

Пигментацияға қарсы бал мен куркума
Балдың 2 шай қасығын, ұсақ теңіз тұзының ¼ шай қасығын және куркуманың 1 шай қасығын араластырыңыз. Күнде кешке пигментацияланған жерлерге жағыңыз да, 30 минутқа қалдырып қойыңыз.

Ерінге арналған жұмсартқыш май
Көбірек ылғалдандыру үшін бадам майын ерінге және оның айналасындағы теріге жағыңыз.

Көз айналасындағы теріге арналған маска
Үккіштен өткізілген қиярдың 2 шай қасығын және құрғақ сүттің 1 шай қасығын араластырыңыз. Көзді жұмыңыз да, алынған қоспаны жоғарғы және астыңғы қабаққа жағыңыз. 10 минутқа қалдырыңыз, кейін ылғалды мақта дискісімен ұқыптап жуып тастаңыз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.