Киімде өз стиліңді қалай табуға болады?

Стиль мен әсемдікті іздеу жолында

Киім киюдегі өз стиліңізді қалай табуға болатынын білгіңіз келе ме? Біз Сізге көмектесеміз! Фешн-индустриясындағы танымал журналист Тиш Джеттің стиль туралы кеңестері Сізге көмектеседі!


Стильді, кербез және әдемі көріну үшін күтілген және әдемі болып киініп жүру жеткіліксіз. Дәл көңіл-күйді тауып, дұрыс теңгерімді сақтап, өзіндік жеке даралықты қосқан маңызды. Оған қалай қол жеткізуге болады? Фешн-индустриясындағы танымал журналист Тиш Джеттің стиль туралы кеңестерін білейікші. Ол өзінің еңбектерінде кез келген әйелдің мінсіз стиль өнерін ұғына алатынын, тек шамалы тырысу керек екенін айтады. Ең алдымен оны киіну өнері ешбір күдік тумайтын француз әйелдерінен үйренуді ұсынады.
Олардың негізгі сыры неде? Өзіне деген сенімділікте! Өзімізді жақсы көрген күннен бастап, біз жақсы әрі дұрыс тамақтануды, өзімізді күтіп, қалай киінетімізді қадағалауды бастаймыз.
Өзіміздің жеке стилімізді жасаймыз

Гардеробыңыздағы ең жақсы киім көп ақша тұратын киім және барлық заманауи сән беталыстарына жауап беретін емес, Сізді керемет сұлу әрі барлық құндылықтарыңызды айқындап көрсететін киім болуы тиіс!
Тиш Джетт гардеробта өмірдің барлық жағдайында киіле беретін және кез келген жағдайда стильді көрінуге көмектесетін бейтарап түстердегі бірнеше негізгі киім болғанына кеңес береді:

• Шалбарлы костюм
• Пиджак
• Кішкентай қара көйлек
• Ұзын белдемше
• Ақ жейде
• Пальто
• Сізге шақ етіп тігілген джинсы
• Футболкалар
«Аксессуарлар киіміңізге қарағанда стиліңіз жөнінде көп нәрсе айта алады», деп есептейді Тиш Джетт және оларды аса ұқыптылықпен таңдауға кеңес береді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

• Әшекей бұйымдар. Арзан бижутерияның көп түрін таққанша, өте жіңішке алтын немесе күміс алқаны таққаныңыз дұрыс болады.
• Аяқ киімді таңдай отырып, сол аяқ киімді кигенде ыңғайлы сезінетіндігіңізге көз жеткізіңіз. Биік өкшелі аяқ киім киіп, шалынып, ақсаңдап жүретін болсаңыз, ол әсемдік бермейді.
• Аяқ киіміңізге сәйкес келетін сөмкені таңдаңыз. Көптеген нашар сөмкеңіз болғанша, екі-үш жақсы сөмкенің болғаны артық. Жақсы зат ұзақ жылдары қызметін атқарса, оның еш жаманшылығы жоқ.
• Шарфтар Сізге жеңілдік мен кербездік береді, сонымен қатар, қатаң костюміңіздің өңін ашады. Эксперимент жасап, оларды әр түрліше байлап көріңіз.
Рахаттанып өмір сүріңіз

Француз әйелдерінің басты қағидасы – барлығын рахаттана жасау.
Әрбір тамақ ішкеннен ләззат алыңыз. Дәмді және пайдалы тамақ арасында дұрыс теңгерімді табыңыз. Спортпен шұғылданыңыз және нәтижелерге қол жеткізуден ләззат алыңыз. Кітап оқыңыз, саяхаттаңыз, жан-жақты болыңыз және өмірге деген қызығушылықты ешқашан жоғалтпаңыз!
Күнде сырттай да, іштей де жетіліңіз, сонда көзге түсіп, елдің назарында жүресіз, оған сенімді болыңыз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.