Көз айналасын қалай уқалау қажет?

Ісінуге жол жоқ! Көз айналасының терісін тиімді уқалау

Таңертең оянғанда көздің асты ісініп, ісінген жердің асты қатпарланып қалады да, айнадағы түріңіз Сізді мүлдем қуанта қоймайды ма? Қамықпаңыз! Қабатталып ісіген жерлерден қарапайым, бірақ керемет әсер ететін уқалау арқылы арылуға болады


Бір нәрсе жасамас бұрын, көздің айналасындағы тері өте нәзік екенін еске түсірейікші. Оны ешбір жағдайда созып, жарақаттауға болмайды, бұл жерге аса күтіммен қарау қажет. Барлық құралды жағып, көз айналасындағы теріні самайдан кеңсірікке қарайғы бағытпен ғана уқалауға болады. Бұл әжімдердің ерте пайда болуына жол бермейді.

  • Алдымен мұздай сумен жуынамыз. Көбі бетті мұзбен сүрту керек деп кеңес береді, бірақ оны көз астындағы теріге қоюға болмайды. Сондықтан тек жуып қана қояйық (бетті сүлгімен сүртуді ұмытпаңыз!).
  • Осыдан кейін қатты орындыққа немесе диванға отырып, шынтақпен тізеге тіреліп, алақанды уыстап, оған бетіңізді салыңыз. Бастың барлық салмағымен алақанға басамыз. 20-ға дейін баяу санап, 10 секундқа басты көтереміз, одан кейін бетті қайтадан алақанға батырып, осы отырған күйде тағы 20 секунд отырамыз. Бұндай уқалау түрі дренажды әсер береді, сондықтан көздің астындағы күлдіреп тұрған жерді ғана кетірмей, сонымен қатар бет контурын нақтырақ етеді.
  • Уқалағаннан кейін көздің айналасына арналған кремді қолданамыз. Жайлап соққан қимылдармен самайдан кеңсірік жаққа қарай кремді жағамыз. Өздігінен сіңуіне мүмкіндік береміз, артығын алып тастамаймыз. Кішкентай құпия: кремді тоңазытқышта сақтаңыз, сонда оның әсері бірнеше есе артады.
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Егер кешке қарай көздің асты қабатталып ісіп кетсе, ал алда маңызды шара күтіп тұрса, жуу және уқалау алдында көзге шайдан жасалған компресс жасаған дұрыс болады. Макияжды сүртіп, шалқаңыздан жатыңыз (бастың астына жастық қоймаймыз) және көзге қою шайға молынан малынған мақта дискілерін қойыңыз. Шайдың құрамында таниндер ісікті тартуға көмектеседі, сонда көзқарасыңыз қайтадан ажарлы болып шығады!

Көз айналасындағы теріге күтім жасаудың жеке құпияларыңыз бар ма? Басқа оқырман әйелдермен міндетті түрде бөлісіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс