Үй жағдайындағы педикюр

Үй жағдайында педикюрді қалай жасаса болады?

Аяғыңыздың әдемілігін жыл бойы сақтап қалудың тамаша үй дәстүрі!


Әрқайсысымызда да қарапайым болып көрінетін «педикюрді үй жағдайында қалай жасаса болады?» деген сұраққа жауап беруге тура келетін кездеріміз болған.

Табанды жұмсартамыз

Педикюрді үйде жасай отырып, табанды барынша жақсы тазарту үшін пемзаны немесе педикюрге арналған арнайы ысқышты пайдаланыңыз. Қатты сүйелдерді жұмысты бастамас бұрын арнайы креммен жағып, пемзамен ысыңыз. Табанды беті жұмсақ әрі тегіс болғанша өңдеу қажет.

Кутикулаға назар аударыңыз

Саусағыңызға крем жағып, апельсин ағашынан жасалған арнайы істікшемен кутикуланы абайлап итеріңіз. Ешқашан кутикуланы өзіңіз қимаңыз – инфекция түсіруіңіз мүмкін. Тырнақтарыңыз ұзын болса, қажетті ұзындығын қамтамасыз ету үшін педикюр тістеуіктерін пайдаланыңыз да, кейін егеушемен тырнаққа қажетті пішім беріңіз. Тырнақтарды тек бір бағытта егеуге болады, ол қабаттануға жол бермеуге көмектеседі.

Жібітіп, скрабпен өңдейміз

Педикюрді үйде жасай бастағанда, аяғыңызды бірнеше минутқа ыстық су құйылған елегенге немесе ваннаға салыңыз. Иісті терапия үшін суға бірнеше тамшы май қосуға болады. Аяғыңызы сүлгімен сүртіп, аяғыңызға және тобығыңызға айналдыра отырып скраб жағыңыз, саусақ араларын ұмытпаңыз. Жақсылап уқалаңыз, арнайы щетка пайдалансаңыз да болады. Аяғыңызды жуып, сүлгімен жақсылап сүртіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Крем жағамыз

Аяққа (немесе денеге) арналған кремді аяғыңызға, аяқ саусақтарына және балтырыңызға жағыңыз. Тиісті жерлерге кутикулаға арналған май жағыңыз, аяқты жақсылап азықтық үлдірге орап, 15 минуттай тынығыңыз. Процедураны ұйықтар алдында жасасаңыз тіпті жақсы.

Тырнаққа лақ жағарда аяғыңызды мұқият сүртіңіз.

Тырнағымызды бояймыз

Педикюрді үйде жасауды аяқтағанда, қалаған түсіңізді таңдап, негізгі жабын ретінде екі қабат лак жағыңыз. Одан кейін үстіңгі қабатын жағып, әр тырнаққа кутикулаға арналған майдың бір тамшысын тамызыңыз – болды, педикюріңіз дайын! Тек келесі қабатты жағарда лактың әр қабатын аздап кептіріп алу қажеттілігі жөнінде ұмытпаңыз. Сонда ол жақсырақ бекіп, тырнақта көбірек сақталады.

Егер аяғыңыздың саусақтары бір- біріне тым жақын орналасқан болса, лак кепкенше әрдайым арнайы бөлгішті пайдаланыңыз немесе саусақтың арасына оралған матаны тігінен салып қойыңыз.

Ал Сізде үй педикюрінің жеке сиқырлары бар ма? Сіз оны қалай жасайсыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс