Қол күтімі бойынша кеңестер

Барлық назар қолға

Қолға күтім жасаудың бірнеше кеңесі


Біз, әдеттегідей, қолға қарамаймыз. Күнде оларды әр түрлі сынақтарға душар етеміз – оларды ыстық сабын суға саламыз, рульді ұстап отырып бірнеше сағат бойы «күнге күйдіреміз» де, олар жұмсақ әрі түсі бойынша біркелкі болғанын күтеміз! Бұндайда бет пен мойынға көп көңіл бөлетін әйелдер қолдарына өгей шешедей қарайды. Ал қолдарымыз болса, жасымызды білдіріп қоятын бірден-бір дене мүшеміз. Сондықтан егер бетіңізді жасартамын десеңіз, онда қолдарды да ұмытпағайсыз.

Егер қолыңыз «жас», тегіс болса, ең бастысы – профилактика. Тұрақты пилингтер мен кең жолақты импульсті жарық (IPL) көмегімен фотожасарту терінің жастығын сақтауға көмектеседі. Бұндай сеанстарды «кәрі» қолдарға да жасаған артық болмайды – олар күн сәулесінің әсерінен туындаған пигмент дақтарынан арылтады және теріні нығайтатын коллагендердің өндіріліп шығуына мүмкіндік береді.

Жас келе әйелдер буынының сыртқы жағындағы тері астындағы майды жоғалтады, содан қолдарымыз құстың аяғына ұқсап кетеді. Одан басқа, тері жұқара бастайды, тамырлар шодырайып кетеді – енді қолдарыңыз «шаршаған» күйге түседі.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Профилактикалық құралдар – жасыңызды көрсететін қолдардың «аузын» жаптыратын болады. Сондай-ақ, күнде оларды аямай қолдануды тоқтатуға септігін тигізеді. Сабын мен ыдыс жуатын құралды қолдану теріні кептіріп тастайды, қызару, тітіркену, тіпті жарылып кету және жара болу жағдайлары кездеседі. Ең дұрысы, қолды креммен жиі майлап тұру. Ылғалды сақтайтын, теріде май іздерін қалдырмайтын құралды табыңыз да, сықпаны негізгі орындарда: мысалы, асүй бақалшығында, сөмкеде немесе жұмыс үстелінің жәшігінде сақтаңыз. Сонымен қатар, кеш сайынғы теріге күтім жасау процедураларына қолға күтім жасауды да қосып қойғаныңыз артық болмас. Саусақтарыңызда шамалы түнгі крем қалып қойды ма? Білек буынының сырт жағына жағып қойыңыз. Скрабты тұрақты қолданасыз ба? Қолдарды да ұмытпаңыз. Әрине де, ең маңыздысы – күннен қорғау. Сөмкеге күннен қорғайтын кремнің кішкентай сықпасауытын салып қойып, үйден шыққан сайын қолға жағып жүріңіз.

Кеңес. Тренажер залында қолды да ұмытпаңыз. Жетілдірілген бұлшық еттер иықтағы және білектегі терінің салбырап қалуынан сақтап қорғайды.

Осы тақырыпқа қатысты бірнеше пайдалы кеңесіңіз бар болса, «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, сайттың басқа пайдаланушыларымен бөлісіңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс