Тырнақтың сынғыштығымен қалай күресуге болады?

Әлсіз әрі сынғыш тырнақ: онымен қалай күресуге болады

Көптеген әйелдер сынғыш немесе шытынауға бейім тырнақтың зардабын шегуде және, үнемі маникюр жасап отырғанына қарамастан, кейде жалғыз шешім – оларды түбінен қиып тастау болады. Жағдайдың соншалықты ауырлап кетуіне жол бергіңіз келмесе, төмендегі пайдалы кеңестерге құлақ асыңыз.


Есіңізде болсын – ешқашан, еш жағдайда тырнақты қайшымен қиюға болмайды. Бұл оларды тек әлсіретіп, шытынауға бейім етеді. Ең дұрысы – аптасына бір-екі рет тырнақ егеушесімен егеп отыру (бұл жағдайда картон негіздісін таңдаңыз, металл егеушелер әдетте қатқыл келеді).
Шытынауға жол бермеу үшін тырнақты әрдайым бір бағытта егеңіз.

Әр кеште тырнағыңызға қолға арналған крем, вазелин немесе, ең болмағанда, зәйтүн майын жағыңыз. Тері мен шашыңыз сияқты, тырнақтар да кератиннен тұрады және, азығыңыз салауатты деп айтуға келмесе, тырнағыңыздан ол жылдам-ақ көрініс табады. Бірақ, асыңызға аздаған наубайханалық ашытқы қоссаңыз болды, тырнағыңыз қайтадан таза әрі сау болып шыға келеді.
Үй тіршілігі барысында да тырнағыңызды ұмытпаңыз. Ыдыс-аяқ жуғанда міндетті түрде қолғап киіңіз – ыстық су тырнақты жұмсартады, яғни, оларды әлсіретеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ацетон негізіндегі лакты кетіру құралынан ат-тоныңызды ала қашыңыз – олардың тырнаққа деген әсерінің ауырлығы сонша, барлық еңбегіңіз зая кетеді!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.