Ас үйді қалай ретке келтіруге болады?

Ас үйді тәртіпке келтіру

«Әр нәрсенің өз орны бар және әр нәрсе өз орнында жарасқан» деген көне ағылшын мәтелі бар. Ас үйден басқа қай жерде ерекше тәртіп қажет. Қажетті ыдысты немесе дәмдеуішті іздеуге уақыт кетірмеу үшін, үстел үстін сансыз пакеттер мен қораптарға толтырмау үшін ас үйде барлығы нақты жүйелендірілген болуы тиіс. Бұл жерде ешқандай тәртіпсіздікке жол беруге болмайды. Бұған қалай қол жеткізуге болады?


Ас үйді аймақтарға бөлеміз

Мейрамханаларда аспазшылар шатаспас үшін ас үйді бірнеше аймаққа бөледі. Бізде соншалықты көп орын болмаса да, бұл жақсы идея.

Ас үйде сіз:

  • ас дайындайтын
  • азық-түлік сақтайтын
  • ыдыс сақтайтын
  • тамақ ішетін
  • қолданған ыдысты жинайтын орындарға бөліңіз.

Барлығына бөлек орын болса, уақытты көптеп үнемдей аласыз.

 

Тартпаларды тексеру

Тартпалар – кеңістікті оңтайландыру үшін жақсы көмекші бола алады. Бірақ, бұрандалы ашқыш немесе майлықты іздеп жүріп қалмас үшін солардың ішінде не сақталғанын жақсы білуіңіз тиіс.

  • Кейбір тартпаларға ұяшықтары бар арнайы науаларды орнатыңыз – осылай барлығын жүйелендіру жеңіл болады.
  • Тамақ ішетін аспаптарды тамақ ішетін үстелге жақын болатын тартпаларға сақтаңыз.
  • Бұрыннан бері қолданбайтын ескі және керексіз заттардан құтылыңыз.

 

Кішкентай шкафтарды тәртіпке келтіріңіз

Барлығын ыңғайлы етіп орналастырған сайын, тамақ дайындауға және жинауға кететін уақытты үнемдей аласыз.

  • Күнделікті ыдыс әрдайым қол астында болатындай ең тез қол жететін жерге қойыңыз.
  • Ең жоғарғы сөрелерге өте сирек қолданатын заттарды салыңыз.
  • Ауыр заттарды шкафтың түп жағында сақтаңыз.

 

Азық-түлікті жүйелендіріңіз

Барлық азық-түлікті дүкендегідей өз санаттарына қарай орындарына қойып шығыңыз. Тауарлардың әрбір тобына өз орнын ойластырыңыз. Өсімдік майы плитадан алыс емес жерде сақталуы абзал.

Санаттар мысалы:

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз
  • құрғақ таңғы астар мен нан
  • консервілер (балық, көкөніс, жеміс және т.б.)
  • пісіруге арналған азық-түлік: ұн, қант, дәмдеуіштер
  • тұздықтар
  • дақылдар, макарон бұйымдары
  • кофе, шай, какао

 

Қабырғалардағы кеңістікті қолданыңыз

Ас үйдегі қабырғаларды да орынды қолдануға болады. Оларға әдемі ілгіштер мен сөрелерді іліп қойыңыз. Оларға:

  • ыдысты
  • алжапқыштарды, сөмке мен сүлгілерді
  • ожауларды, үлкен қасықтарды, елеуіштерді және т.б. іле аласыз.

 

Үстел бетінің тазалығы

Ас үйдегі тазалық үстел бетінен басталады. Тамақ дайындайтын кеңістікті тәртіпте ұстау керек. Егер орын аса көп болмаса, шұңғылша үстіне іліп немесе шкафтардың біріне салып қоюға болатын азық-түлікті турайтын тақтайларды қолданыңыз. Үстел үстінде жиі қолданатын заттарды:

  • ұсақ тұрмыстық техниканы
  • пышақ салғышты сақтауға болады.

 

Әдемі заттарды тығып қоймаңыз

Мейрамдарға және, ұзағынан тұра беріп, тіпті қолданатын кез болмайтын ерекше күндерге ғана арналған әдемі тәрелкелерді сақтаудың не керегі бар? Әрбір келген жаңа күн – кішкентай мейрам емес пе? Сіз күнде әдемі тәрелкеден тамақ ішуге лайықтысыз! Оған қоса:

  • Сөрелерге әдемі табақтарды қоюға
  • Жемістерді әдемі сауыттарға салуға
  • Үстелге гүлі бар гүлзарды қоюға болады – олар көңіл-күйіңізді лезде көтереді.

 

Ыңғайлы контейнерлерді қолданыңыз

Дақылдар мен дәмдеуіштерге арналған арнайы контейнерлер үнемі жыртылып, ас үй түрін бұзатын түрлі түсті қаптамалардан арылтады.

Әрбір заттың өз орны табылды, енді тамақ дайындау айтарлықтай көңілге қонымды болады!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.