Көктемде балалармен не отырғызуға болады?

Балалар мен ересектерге арналған көңілді бақ өсіру идеялары

Көктемді қарсы алудың ең жақсы әдісі – табиғатқа жиі шығу, ал шындап алғанда – жеке меншік бақта не бақшада қарсы алу. Жерде жүріп күш жинаймыз, оң энергия аламыз және тамаша көңіл-күйде жүреміз. Бұны ересек адамдар жақсы білетін болса, балалар жерді шұқылап жүруді онша ұната қоймас. Бақта және бақшада ортақ істеген жұмыс қуаныш әкелетіндей не істесе болады?


Балалар бұрышы
Балаға оның жеке қажеттіліктеріне арнап бөлек жер бөліп беріңіз. Оған толық еркіндік беріңіз, бірақ оған көмектесуден ешқашан бас тартпаңыз. Робинзон болып ойын ойнауды ұсыныңыз, өзіңізге кішкентай күрке құрыңыз, сіңу үшін көкөністерді отырғызуды бастаңыз. Балаға бақшасына өзі жауапты екенін түсіндіріңіз. Егер өзінің жеке бақшасына қызығушылық танытпаса, бір ағаштан, бұтадан немесе гүлден бастаңыз. Көшетке атау берсеңіз болады, сонда оларға күтім жасау қызық болады.

Үй кеңесі
Бақшаға не отырғызу және қалай қоршау керектігін балалармен отырып, кеңесіңіз. Олар жаңа гүлдерді таңдауға көмектессін, оларға оңтайлы орын таңдауды ұсынсын. Балалардан олардың ойынша бақшасының суретін салып беруін сұрасаңыз жақсы болар еді.

Ойынды қалқалап жұмыс істеу
Бақшаны ескі жапырақтардан тазалау сияқты бірқалыпты жұмыстың өзі көңілді, әрі қызық болады, оны ойынға айналдырсаңыз болғаны. Учаскені шаршыға, ал отбасын командаға бөліңіз. Кім тапсырманы бірінші болып орындаса, сол сыйлыққа ие болады!

Өзіңіз үлгі
Саяжай барлығына тек қуаныш сезімін беруі тиіс. Егер бала сіздің картопты қаза отырып, барлығын жазғырып, қарғап жүргеніңізді көрсе, оған бақшада жұмыс істеуді шынымен ұнату қиын болады. Балаға жаза ретінде қандай да бір жұмысты ешқашан істетпеңіз. Ол бұның – өз қолымен әлдебір нәрсені өсірудің керемет нәрсе екенін сезінуі тиіс.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Еркін ойындар
Баланың жерге деген қызығушылығы сонымен оянбаса, бірақ сіз сонда да далада жүріп уақытын өткізсе екен десеңіз, онда көптеген қызық ойындарды қолданыңыз. Қораға дартс іліп қойыңыз, доп және бадминтон сатып алыңыз, шағын құмсалғышты жасап беріңіз, ал күн жылыда хауыз үрлеп беріңіз!

Саяжай маусымын сәтті өткізіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.