Бақшаға арналған жылдам өсетін гүлдер

Артық шығынсыз бақшаңызға берілетін бірнеше идея

Әдемі ашық түсті бақша жасағыңыз келеді, бірақ қымбат тұратын көшеттерге көп ақша жұмсағыңыз келмейді ме? Тұқымдардан гүлдерді өсіріңіз! Тұқымы бар кішкентай пакет арзан тұрады, кішкентай дәннен әдемі гүл өсетінін бақылау қандай керемет нәрсе!


Жаныңызға жайлы гүлдердің тұқымдарын таңдап алыңыз да, нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз. Оларды жылдың қай мезгілінде отырғызу керектігін, олардың нені жақсы көретінін – күнді ме, әлде көлеңкені ме, олар көпжылдық па, біржылдық па, оларды лезде топыраққа салып отырғызуға бола ма немесе көшетті алдымен терезе алдында өсіру керек пе, соны біліп алыңыз.

Өзіңізді тәжірибелі бақшашы емес деп санайтын болсаңыз, күй талғамайтын гүлдерден бастағаныңыз жөн:
 Кекіре
 Хош иісті бұршақ
 Космос (Космея)
 Настурция
 Нигелла (Содана)
Лаватера (Дидаргүл)
Қызылкүрең оймақгүл
Консолида (Сокирки)
Аквилегия (Су сіңді)
Үлкен Амми
Қырмызы (Тырнақгүл)
Алиссум (Жауылша)
Көкнәр
Күнбағыс
Қотырот
Рудбекия

Тұқымдарды қалай тікелей топыраққа отырғызады
Көптеген күй талғамайтын гүлдерді оларға арналған тікелей гүлзарларға отырғызуға болады. Ол үшін бірнеше негізгі ережені орындаса болғаны:

  • Топырақты дайындаңыз. Барлық арам шөптерді және тастарды алып тастаңыз, жердің өте ірі бөліктерін бөле отырып, оны жақсылап тұрып қопсытыңыз. Егер топырақ бұрыннан құнарландырылмаған болса, оған бірнеше уыс сүйек ұнын қосыңыз.
  • Топырақты нығыздаңыз. Оның ауасын шығару үшін үстінде шамалы жүрсеңіз де болады, кейін тағы бір рет тырмалап шығыңыз.
  • Бір гүлзарда гүлдердің бірнеше тобын отырғызғыңыз келіп, шатасып қаламын десеңіз, топырақты әдеттегі құмның көмегімен учаскелерге бөліп алыңыз.
  • Таяқшаны алып, топырақта шамалы шұңқыр жасаңыз. Гүлдерді қалай болса солай емес, түзу сызық бойымен отырғызған жақсырақ болады, осылайша оларды арам шөптерден ажырату оңай болады.
  • Тұқымдарды ұқыптап себіңіз. Оларды тым жиі етіп те, тым сирек етіп те отырғызбаңыз. Артығын әрдайым алып тастай аласыз.
  • Тұқымды топырақпен жауып, суғарыңыз.

Кеңес:

  • Ең дұрысы медициналық қолғаппен жұмыс істеу.
  • Егер сізде ит не мысық бар болса, гүлзарларды шағын қоршаумен қоршап қойыңыз.
  • Тұқымдар шықпайынша, оларды сым күмбез арқылы құстардан қорғай аласыз.
Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Көшетті қалай өсірсе болады

Егер тәуекелге бармаймын десеңіз, алдымен тұқымдарды шағын пластик науаларға отырғызып, терезе алдына қоюға болады, мүмкіндігінше салқын жерге қойыңыз.

  • Ұсақ тұқымдарды жиі етіп, ал ірілерін бір-бірден (күнбағыс
    сияқтыларды ) отырғызуға болады.
  • Топырақ әрдайым ылғалды болуын қадағалаңыз, әсіресе өнгенше қарап жүру қажет.
  • Көшеттер айтарлықтай үлкен болып өскенде бір-біріне өсуге кедергі болмас үшін оларды бөлек-бөлек отырғызу керек.
  • Күш жинаған көшеттерді ашық топыраққа жүрексінбей отырғыза беріңіз.

Өз қолыңызбен отырғызған гүлдер одан бетер әдемі және тамаша болып көрінеді!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.