Бақша телімін көгалдандыру

Саяжайда қиярдан басқа нені отырғызуға болады

Саяжайды әр түрлі себеппен жақсы көруге болады, ол үшін бағбан болу міндетті емес. Бақша учаскесінің кеңістігін жасылдандырудың бірнеше қарапайым әдістерін ұсынамыз.


Көп жылдық және күй талғамайтын өсімдіктер

Келесі өсімдіктер мен гүлдерді бір-ақ рет отырғызып, ұзақ жылдар бойы жаңа отырғызулар жөнінде ұмытасыз:

  • бөрібұршақтар
  • сарыгүлдер
  • флокстар
  • таушымылдықтар
  • бәйшешектер
  • дәстүргүлдер
  • рудбекия

Бұл гүлдер ешқандай күтімді қажетсінбейді, қосымша қайта отырғызусыз және күрделі манипуляциясыз көптеген жылдар бойы өсе береді. Учаскені жасылдандыруға кірісе отырып, саяжайда өсімдікке тамашалағыңыз келетін орынды анықтап, тұқымын сатып алып, күрделі емес гүлзарды бөліп, өсіп келе жатқанын қадағалау қажет. Сарыгүлдер ішінен жол бойымен жиектеме жасауға болады немесе учаскеге таушымылдық пен флокстары бар гүлзарларды шашып тастауға болады. Ал бөрібұршақтарды учаске периметрімен отырғызуға болады – өте әдемі болады. Тек есіңізде болсын, таушымылдық күнді жақсы көреді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Көлеңкеге жібереміз

Егер учаскеңізде көптеген жерлер көлеңке болса, көлеңкені жақсы көретін гүлдерді және декоративті өсімдіктерді отырғызыңыз. Көлеңкеде желайдарлар мен інжугүлдер, қынагүлдер және сарыгүлдер де өсе алады.

Көгал шөбі

Шөп учаскені көгалдандыруға тамаша құрал болып, көп жылдық гүлдерге де керемет қосымша бола алады, оған қоса онымен гүлдері жоқ учаскелерді де оңай толтыруға болады. Учаскенің барлығына көгал шөп отырғызып, кейін гүлзарларға бөлуге болады. Балғын шөп пен ашық түсті гүлдердің үйлесімі эстетикалық түрде жақсы көрініп, көзді қуанта түседі.

Декоративті бұталар

Жұпаргүл және қараған, бөріжидек, ақгүлді шоғырлар (олардың үйден алыс болғанын қадағалаңыз, өйткені ақгүлдің иісі басты ауыртуы мүмкін), бөріқарақат, итмұрынның декоративті сұрыптары, таңқурай бұталары мен қара бүлдірген – барлық осы өсімдіктер көпжылдық, күй талғамайтын және ландшафттық дизайнға керемет үйлесетін өсімдіктер болып табылады. Оларды кіре беріске немесе қақпа бойына отырғызуға болады. Керемет тірі қоршауды таңқурай мен қара бүлдірген түзей алады. Олар әдемі болып қана қоймай, сонымен пайдалы да болады, өйткені өз уақытында олардан керемет жеміс алуға болады.

Саяжай учаскеңізді қандай өсімдіктер безендіріп тұр? Басқа пайдаланушыларға осы жөнінде айтып беріңіз, түсініктеме қалдырыңыз немесе учаскеңіз жөнінде мақала жазып беріңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.