Көгалға қалай күтім жасайды? Кеңестер

Көгалға қалай дұрыс күтім жасау керек

Әдемі көгал – кез келген саяжай тұрғынына арман ғой. Барлық көршілерді қызықтыратындай, біркелкі жасыл және ұқыпты болатындай оны қалай өсіріп, оған қалай дұрыс күтім жасаса болады?


Кез келген бақша өсімдіктері сияқты көгал барлық кезеңдерде дұрыс күтімді талап етеді. Әрине, көп жұмысты көктемде жасау керек, бірақ, күзде көгалды қыстауға дұрыс дайындаса, оны айтарлықтай қысқартуға болады.

Күзгі қырқу
Қыркүйектен бастап, тіпті қар түскенге дейін көгалды қысқартуды тоқтатпаңыз! Аяз басталғанда шөп солып қалады да, жерге жатып қалады, көктемде осы тығыз «кілем» жаңа көктеуге кедергі болады. «Қысқа» қалдыратын биіктік – әрі кеткенде 8 см.

Қоректендіру
Қар кете ерте көктемде көгалды жылы маусымға дайындап бастай берсеңіз болады. Оны былтырғы жапырақтардан және қурап қалған өсімдіктерден ұқыптап тазалап алыңыз. Жер құрғағанша күте тұрыңыз, өйткені онда аяқ киіміңіздің терең іздері қалып қалмауы тиіс. Жер тазаланғаннан кейін оны қоректендіру қажет. Ол үшін аммиакты селитраны немесе несепнәрді қолданыңыз.

Егу
Егер көгал нашар қыстап шықса  немесе оны енді өсіре бастасаңыз, көгал шөпті егу қажет. Шөп түсімен ерекшеленбес үшін былтыр еккенге ұқсас тұқым түрін алыңыз. Тұқымдарды еге отырып, үстінен өзен құмын немесе құрамында көп құмы бар топырақты себу қажет. Көгалды бірнеше күнде бір рет суғару қажет; егер ауа-райы жаңбырлы болса, онда суғармаса да болады.

Алғашқы шабу
Көгалды алғаш рет шабу жұмыстарын шөп біркелкі жасыл түсте болғанда жасайды. Өсімдіктің үстіңгі қабатын ғана кесу қажет, көгалшапқышты дұрыс баптап алыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Екінші рет қоректендіру
Сәуірдің соңында – мамырдың басында жерді тағы бір рет қоректендіру қажет. Бұл үшін кешенді тыңайтқыштарды қолданған жөн. Шөпті зақымдап алмас үшін біркелкі және бірқалыпты етіп қоректендіру қажет. Дұрыс қоректендіру өсімдікті жаздық құрғақшылыққа төзімді етіп жасайды. Осыған механикалық еккішті қолдану ыңғайлырақ болады, ол бүкіл алаңға қоректендіруді біркелкі етіп таратады.

Арам шөптермен күресу
Көгалыңызбен қоса арам шөптер пайда болса, таңдаушы әрекетті гербицидтерді пайдаланыңыз. Нұсқаулықтың барлық тармақтарын ұқыпты, әрі нақты етіп орындаңыз, әйтпесе арам шөптермен қоса көгал шөбін де құртып аласыз. Өңдеу жұмыстарын ауа райы 20 °С төмен емес температурада, құрғақ жел жоқ болып тұрғанда жасайды. Гербицидті енгізгеннен кейін 1–2 күн жағымсыз иіс шығып тұрады, сондықтан көгалда ұзақ уақыт жүрмеген дұрыс.

Аэрация
Оттегі мен су топырақтың түбіне ену үшін және топырақ өте қатты тығыздалмас үшін көгалға аэрация (табиғи желдету, оттегімен қанықтыру) қажет. Аэраторды қолданыңыз, ал егер көгал онша биік болмаса, онда әдеттегі айырды қолдануға болады. Аэрацияны аяқтағаннан кейін топырақтың шығып кеткен кесектерін тырмамен ұсақтаңыз.

Қырқу және суғару
Көктемде шөптің 4–5 см биіктігін сақтай отырып, шауып алуды аптасына шамамен бір рет орындайды. Бұл өсімдікті қоршаған орта әсерлеріне тұрақты етеді, ал шөптің өзі қалың болып, біркелкі өседі. Көктемнің соңында аптасына екі рет шауып алыңыз да, суғаруды сиретіңіз. Жерді молынан, бірақ жиі емес суғару қажет. Жазға қарай шөптің 5–6 см өсуіне мүмкіндік беріңіз, бұл саяжай көгалының оңтайлы биіктігі. Жазда көгалды 10-14 күнде бір рет шауып алады, бірақ көгал шөбінің ұсынылатын 2 см биіктіктен асып кетпеуін қадағалаңыз.

Сіздің саяжайда қандай өсімдік өседі? Көгал өсіріп көрдіңіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс