Бастауыш гүлбаптарға кеңес

Бастаушы гүл өсірушіге берілетін кеңестер

Қыс жақындаған сайын ашық түстер мен көк жетіспейді. Осыны қалпына келтірудің ең қарапайым әдісі – үйде шағын жаз ұйымдастырып, гүл отырғызуды бастау қажет.


Егер сіздің тәжірибеңіз аз болса, тұрмыста жағдайды талғамайтын, су құюды ұмытып кетсеңіз ренжімейтін, ерекше температуралық режимді талап етпейтін және оны өсіргеніне қуанышты өсімдіктің бірін таңдауды ұсынамыз. Енді, «Гүл өсіру шаруашылығымен танысуды бастауға қолайлы ең күй талғамайтын өсімдіктердің» топ-5.

Аспидистра ыстыққа, суыққа, ылғал жетіспеушілікке және өзге де қатаң жағдайларға төзімді. Үлкен қыш құмыра да оған керек емес, жіңішке аяғындағы әсем жапырақтары кішкентай қыш құмырада да қалың өсе береді.

Хойя (балауыз ағаш) – аса берік өсімдік. Оңтүстік жақтағы бөлме оған жайлы болады, бірақ солтүстік жақ та жарай береді. Өсімдік жапырақтары ылғалды жинай алады, сондықтан іссапарға немесе демалысқа еш алаңсыз кете беруге болады, – хойя жалғыз өзі құрып кетпейді. Енді қамсыз гүл өсіруші болсаңыз да, бұл өсімдік өзінің мол гүлдерімен қуантады.

Жасаңшөп, оны сондай-ақ, «ақша ағашы» деп те атайды. Жасаңшөп бір жапырағынан өседі де, уақыт келе қалың домаланған жапырақтары бар ағашқа ұқсас аласа өсімдік болып өседі. Оны жиі суғармаса да болады, бірақ жапырақтары түсетіндей кептіріп алмаңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Хлорофитум ылғалды топырақты және жақсы жарықты ұнатады, бірақ кез келген басқа жағдайда ақырына дейін өлмей өмір сүруге тырысады, оған қоса ұсақ ақ түсті гүлдерімен бір емес бірнеше рет сізді қуантады.

Спатифиллум өте нәзік көрінеді. Жіңішке аяғындағы созылған жасыл жапырақтары және шағын сопақ ақ гүлдері бар өсімдік жыл бойы гүлдейді де, көңіл-күйіңізді көтереді. Спатифиллум жиі ауыстыруды талап етпейді және ылғал жетіспеушілігін жақсы көтереді, бірақ суық пен өтпе желді ұнатпайды.

Үйіңізде қандай гүлдер бар?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.