Үйде итті үйрету

Күшікті үйретеміз: бастаушы адамға берілетін кеңестер

Үйде ит пайда болды, алда итті үйрету мәселесі тұр ма? Тілалғыш, үйретілген итті өсіру үшін неден бастау керектігін айтып береміз.


Итті қалай үйрету керек деген сұраққа жауап ретінде алғашқы, әрі басты түсінік оны үйде пайда болған бірінші күннен-ақ бастау керектігі. Әрине 4-5 айлық күшік «Фас!» және «Апорт!» деген бұйрықтарды орындамайды, бірақ оны тазалыққа, тәртіпке, орынға баруды және қарғы бауды байлауды толығымен үйрете аласыз. Тағы бір маңызды сәт – реттілікпен үйрету қажет, яғни, басқа иесі қандай бұйрықтармен және күшікті қалай үйреткенін білуіңіз қажет. Бұл жағдайда жаза беру (онсыз үйрету өкінішке орай болмайды!) дереу болуы тиіс, кейінге қалдырмаңыз, әйтпесе ит неменеге кінәлі болғанын түсінбей ренжіп қалады.

Дәретханаға баруды үйретеміз

Үй жануарын сатып ала отырып, күшікті қалай үйретеміз деп ойламайды, оны дәретханаға баруды үйрету керектігін ойлайды. Күшік үйді бүлдірмеу үшін оны жиі далаға шығарып тұру қажет. Мамандар тамақтанып, белсенді ойын ойнап және ұйықтағаннан кейін шығаруды ұсынады. Күшік әлі кішкентай болғанда үйде дәретханаға баруды үйретіңіз. Ол үшін күшіктің дәрет сындырған жерін газетпен сүртіп, оны науашығына салып қою қажет. Күшік орынды қайта іздей бастағанда оны дереу науашығына апарыңыз.

Орнына жатуды үйретеміз

Күшік жақсылап тамақтанғанда немесе шаршағанда оны «жатуға» үйрету әлдеқайда оңай болады. Оны қолыңызға алып, арнайы оған арналған орынға апарыңыз да, жатқызып «Орныңа жат!» деп айтыңыз.

 «Фу!» бұйрығын үйрету

Күшік рұқсатсыз әлдебір затты алғанда қатаң дауыспен бұйыра қайталап айту қажет. Затты ала отырып, «Фу!» деп бұйыра айтыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Атын тануды үйретеміз

Ит атын атағанда елең ететіндей тамақ берер алдында атын атап шақырыңыз. Шартты рефлекс ит миында осы екі оқиғаны қосып байланыстырады, сонда күшік белсенді ойын ойнап жүргенде-ақ шақырғанда елең етіп жүрігіп келеді.

Қарғы бауын байлауды үйретеміз

Ит үлкендігіне қарай қарғысы бар шылбыр немесе өмілдірік таңдаңыз да, тұрып қалмай жылдам кигізіңіз. Итті тәтті тағаммен марапаттауға болады, бірақ бұл жерде мамандар пікірі екі түрлі.

Күшікті қалай үйретемін десеңіз, әрине, өзіңіз білесіз, бірақ есіңізде болсын, төрт аяқты құйрықты иттердің тәртібіне қарай отырып, адамдар олардың иелері жөнінде тұжырым жасап шығарады.

Жануарларды үйретіп көрдіңіз бе? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз, неменеге үйрету қиындыққа әкелді?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс