Мысық пен итке арналған пайдалы өсімдіктер

Үй жануарларына арналған шағын бақша

Пайдалы өсімдіктер адамдарға ғана емес, сонымен қатар жануарларға да қажет! Үй жануарларына биттен арылуға көмектесетін, ас қорытуды жақсартатын және олардың тері мен жүннің саулығына жақсы әсер ететін шөптер бар. Олай болса, бақшада үй жануарларына арнап шағын бұрышты неге бөлмеске?


Онда не болуы мүмкін?

• Ит пен мысықтар жақсы көретін өсімдіктер.
• Олар демала алатын көлеңке.
• Ыстық күнде әрдайым суды іше алатындай суы бар ыдыс немесе кішкентай бұрқақ.
• Олардың денсаулығына қажетті пайдалы шөптер. 
• Әдемілікке арналған және үй жануарлары шамалы саят құра алатындай көбелектер мен араларды тартатын гүлдейтін өсімдіктер.
• Томарша немесе құлатылған ағаш. Ит онымен ойнай алады, ал мысық болса – тырнағын егейді.

Қандай өсімдіктерді таңдаған дұрыс болады?

Жануарлардың жақсы көретін шөптері
Мысықтарға арналған өсімдіктер — мысық шөбі (Dactylis Glomerata). Әдетте зоодүкендерде сатады. Иттерге арналған шөп — қауырсынды спартина (Spartina Pectinata). 
Көптеген мысықтар сондай-ақ, мысық жалбызын ұнатады — жалбыз тұқымдас көпжылдық шөпті өсімдік. Мысықтың ұдайы қолы жетпейтіндей арнайы аспалы қыш құмырада өскені жақсы болар еді. Өйткені одан келетін әсер валерьяна әсеріне ұқсайды.
Көлеңкелі бұрышты жасауға арналған өсімдік.
Қалың көпжылдық өсімдікті, мысалы, гүлшетен немесе лаванда отырғызыңыз. Барлығына қоса олар биттерді жолатпайды.
Денсаулыққа пайдалы шөптер
Пайдалы өсімдіктерді отырғызбас бұрын ветеринар маманнан кеңес алыңыз және үй жануарыңыздың жеке қажеттіліктерін ойластырыңыз.
• Жалпы нығайтатын шөптерге ақжелкен, гидрокотила, бәдіреншөп, мыңжапырақ жатады.
• Шамалы көлемдегі жалбыз асқорытуға көмектеседі және тыныштандыратын әсер береді.
• Көбінесе қартайған жануарлар зардап шегетін артрит синдромын жеңілдетуге кестежусан, майтамыр, балдыркөк, ақжелкен мен мыңжапырақ көмектеседі.
• Ішек құртынан арылуға мыңжапырақ, жебіршөп және орегано көмектеседі.
• Жүн мен тері саулығына қырмызы, жебір, түймедақ және лаванда көмектеседі.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Енді мысық жалбызымен себетті қалай жасауға болатынын толық айтып береміз. 
Бізге қажет:
• Мысық жалбызы
• Сымды аспалы себет — 2 дана.
• Кокос ішпегі
• Сым
• Топырақ
• Тыңайтқыш

Не істейміз:
Кокос ішпегін себетке салыңыз. Оған топырақ пен тыңайтқышты араластырып, жалбызды отырғызыңыз. Күмбез болатындай екінші себетті сыммен бекітіңіз. Жалбызды мысық өздігінен оған жетпейтіндей іліп қойыңыз. Оған сыйлық болып қала берсін!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс