Денсаулыққа ит пен мысықтың пайдасы

Ит пен мысық денсаулыққа пайдалы

Иттер, мысықтар, тіпті алтын балықтар – үй жануарынан артық. Олар өмір бақи ең жақсы дос бола алады.


Үй жануарларының иелері үйде төрт аяқты немесе қанатты жануарды ұстау жалғыз өмір сүргеннен гөрі жақсырақ екен деп айтады. Мысықтың, иттің, тіпті шымшықтың болуы өміріңізде адамның пайда болуына пара-пар. Үй жануарлары иесіне махаббат сезімін және рухани тыныштықты беруге қабілетті. Өз үй жануарларын жақсы көретін адамдар жауапты махабатты алады, бұл өмірлерін одан бетер қанық етеді.

Жануармен араласу адамның физикалық күйіне де, эмоциялық күйіне де оң әсер етеді, сау болуға көмектеседі, бастысы жүрек саулығын сақтайды.

Сау жүрек үшін

Көбіміз сол бір керемет жылы сезімді білеміз... мысық келіп, алдыңызға жайғасып пырылдай бастайды, бұл жүрегімізді жылуға толтырады. Үй жануарыңыз жүрегіңізді жылытып қана қоймай, оны аз да болса сауықтырады, соны білетін бе едіңіз? Зерттеулер көрсеткендей, адамның қан қысымы жануармен байланысқанда түседі. Осы әсер араласудың алғашқы сәттерінде-ақ пайда болады.
Итпен серуендеуге шығатын адамдар осыдан денсаулыққа пайдалы сезімді алады, өйткені серуендегенде олардың ағзалары қан жүйесіне қажетті күшті алады.

Бақытты жүрек үшін

Мысық пен иттер – жақсы компания. Олар әрдайым бірге және сөйлесе алмаса да, сіздің ең жақсы достарыңыз болып қалады. Үй жануарларымен араласу танылған терапевттік әсерге ие және кейбір сауықтыру және емдеу түрлерінде әдейі қолданылады. Олар кішкентай балаларға да, қарт адамдарға да оң әсер етеді. Дәрігердің қабылдауындағы аквариум сияқты қарапайым заттың өзі науқастарды тыныштандыра алады. Балықтар адамдарға гипноздық әсер береді десе де болады, ол босаңсуға және қиындықтарды ұмытуға көмектеседі.

Қандай әсер болмасын – эмоциялық не физикалық, үй жануарлары олармен қарым-қатынас жақсы болғанда ғана адамдарға үлкен жағымды әсер береді. Махаббатыңызға және қамқорлығыңызға жауап ретінде олар өз жылуын беріп, ең жақсы досқа айналады.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Ұмытпаңыз: адамдарға сияқты жануарларға да көңіл бөлу және еркелету қажет. Өзіңіздің төрт аяқты досыңызды еркелетудің ең қарапайым әдісі – дәмді печенье дайындау!

Бауырдан жасалған печенье

Өз үй жануарыңызға үйде дайындалатын печенье жасап беріңіз! Қарапайым рецепт сіздің қолыңыздан оңай келіп, итіңізді қатты қуантады. 

450 г шабылған бауыр
1 жұмыртқа
1 ½ шынаяқ ұн
¼ шай қасық орегано
¼ шай қасық ашытқы

Барлығын араластырыңыз. Пісіруге арналған май жағылған ыдысқа салыңыз. Пышақпен немесе печеньеге арналған қалыптармен кесіңіз. 180° С температурада шамамен 30 минут пісіріңіз.

Сізде үй жануары бар ма? Бір-біріңізді жақсы көресіз бе? Қайсысын асырауды ұсынасыз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс