Итіңізді қалай түсінсе болады?

Иттер не жөнінде сөйлеседі?

Иттер – өз қалаулары және қажеттіліктері бар отбасымыздың теңдей бір мүшесі. Оларды одан да жақсы түсінуді үйреніп алсақ қандай керемет болар еді! Біз тек жай үрген дауыстарын естиміз, бірақ ол әр түрлі мағына беруі мүмкін ғой: иттің қарны ашты ма, не қауіпті сезе ме, мүмкін оның іші пысты ма.


Аумағымнан кет!
Ит бөтен адамның немесе басқа иттің жақындағанын сезгенде ол әсіресе мәнерлеп үре бастайды. Қауіптілікті көп сезген сайын, ол одан бетер қаттырақ үре бастайды.

Маған қорқынышты болып тұр
Ит шошығанда шуылға немесе өз қорқыныш сезімінің нысанына қарай үреді.

Ішім пысты, жалғыз қалдым
Иттер – топталып жүретін жануарлар, сондықтан оларға жалғыздықты бастан өткеру және иесінен ажырау қиынға келеді. Олар өздеріне орын таппай, қайғыдан және сағыныштан үреді.

Амандасқым келіп тұр
Иттер үре отырып, құйрығын бұлғақтата және аяққа секіре отырып, адамдармен амандасқанды ұнатады.

Серуендегім келіп тұр/менімен бөліскеніңді қалаймын
Ит сіздің қарғы бауға қол созғаныңызды көргенде қуана үре бастауы мүмкін, өйткені бұл нені білдіретінін біледі. Әлдебір дәмді бір нәрсе жеп тұрғаныңды көргенде де тура осылай өзін ұстайды. «Маған да бір дәм таттырар ма екен?!» деп ойлайды.

Иттің жиі үруін қалай қойдыруға болады
Иттер үре береді – бұл табиғатының бір бөлігі. Бірақ кейбір иттер уақтылы үрмей, керектігін мүлдем түсінбейді. Олардың аузын жабатын бірнеше әдіс бар.
Итіңіз үре бастағанда, «Тыныш» деп ақырын дауыспен айтыңыз. Ол қойғанша шыдамды болыңыз және оны марапаттаңыз. Жақын арада ит өзінің үрмей тыныш отырғаны үшін марапатталатынын түсінеді. Кейін «тыныш» деген сөзді бір ыммен алмастыруға болады – саусақты ерінге апарса болғаны, ит ымдауға өте сезімтал.

Бірнеше қызықты дерек
Иттер адамдардан, тіпті мысықтан да әлдеқайда жақсы естиді. Олар секундына 35 000, ал адам тек 20 000, мысық болса – 25 000 дірілді сезеді.
Иіс сезумен де тура солай. Иттерде 220 миллион иіс сезу рецепторы болса, адамда бар-жоғы 5 миллион ғана.
Біздің саусақ ізімізбен танығандай итті мұрын ізімен тануға болады. Бірдей мұрны бар иттер болмайды.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.