Итті қалай шомылдырамыз

Итті күйзеліссіз қалай жуындырса болады

Ит ластанып кетті, ауладағы барлық шалшық суға малынып шықты, енді алдыңызда күрделі бір тапсырма тұр: үй жануарыңызды жақсылап жуу. Біздің кеңестеріміз арқылы өз үй жануарыңыздың суға түсуін қалай жеңілдетсе болады, соны біліп алыңыз!


Ванна түбіне кішкентай резеңке кілемшені салыңыз, сонда иттің табаны сырғанамайтын болады.
Ванна бөлмесінің есігін жауып қойыңыз. Әдетте жануарлар жуынуды онша ұнатпайды. Көбі шыдап отырады, бірақ кейбіреулер қашып кетуге талпынады да, пәтерге су шашып тастауы мүмкін.
Суды дереу қоспаңыз, ваннаға үйренгенше күте тұрыңыз. Ол тынышталғанда, алдыңғы табанына ақырындап, ұқыптап душтың құйғышын әкеліңіз.
Су ағысын құлаққа, бетіне және бұтына қарай жібермеңіз. Егер иттің құлағы тікірейген болса, оларды ағып тұрған судан қолмен қорғап тұрыңыз. Сенімділік үшін иттің құлағына мақта тығып қойыңыз.
Сусабынды басынан бастап, уқалап, денесінің бойымен жылжи отырып иттің жүніне жағыңыз. Осылай құралды жуып шайып тастаңыз.
Суды өшіріп, жүнін қолмен сығыңыз. Оны ит сілкініп, жан-жаққа су шашыратқанға дейін жасауға тырысыңыз.
Қол астында бір-екі құрғақ орамалды дайындап тұрыңыз!
Өз итіңізді қалай жуындырасыз? «Мақала жазу» батырмасына баса отырып, сайттың басқа пайдаланушыларына өзіңіздің шағын айла-әрекеттеріңіз туралы айтып беріңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.