Қартайған мысықты қалай күтсе болады?

Қартайған мысықтардың денсаулығына қалай қараса болады

Өз үй жануарыңызға лайықты «зейнеткерлікке шығаруды» қамтамасыз ету жөнінде бірнеше қарапайым кеңес.


Мысығыңыз көп жылдар бойы сізге адал, әрі жұмсақ дос болды, бірақ уақыт зымырап өтеді, енді өзіңіздің қартайған үй жануарына көңіл бөліп, күтім жасайтын кез келді. Әжеңіз бен атаңыздың жағдайына ұқсас шамалы көмек және қолдау оларға тағы бірнеше жылға толыққанды өмір сүруді сыйлайды.

Американдық мал дәрігерлер қауымдастығының деректеріне сәйкес бұл жануарлардың өмір сүрудің соңғы үш кезеңі кемелдену (7–10 жас), егде жас (11–14 жас) және кәрілік (15 жас және одан үлкен) болып табылады. Осы кезеңдердің бірі басталғанда сүйікті жануарыңыздың азық мөлшеріне біршама өзгеріс енгізу керек.

Иелер жануардың жүріс-тұрысын міндетті түрде бақылап, қартаю белгісі байқалса, оның өмір сүру салтын өзгертуі тиіс. Ресми жастан бөлек, қартаюдың басқа да белгілері бар. Мал дәрігері, CATalyst Council (АҚШ) ұйымының басшысы д-р Джейн Брант «Сіз жануардың жүріс-тұрысында, дәретке отырғандағы әдеттерінде, тәбет және белсенділігінде өзгерістерді байқауыңыз мүмкін» – дейді.

Қартайған мысықтардың негізгі мәселелерінің бірі адамдарға ұқсас ерекше ауруларға бейімділігі болып табылады. «Бүйрегі ауыратын белгісі жиі несеп шығару болып табылады, сондай-ақ, диабет белгісі және қалқанша без ауруы да болуы мүмкін, — дейді Брант. — Мысықтардың жүріс-тұрысын жақсы білу сізге кез келген ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді». Үй жануарыңыздың белсенді болу күнделігін жүргізу, одан да маңыздысы қартаюдың алғашқы белгілерінің пайда болуын көру үшін тұрақты түрде бақылау ұсынылады. Мысығыңызға сәйкес ем беру үшін мал дәрігеріне осы жөнінде хабарлау қажет.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Осы кезде мысықтарды арнайы жемге ауыстыру қажет. «Жасына, өмір сүру салтына және денсаулық күйіне сәйкес жемді жеп жүргеніне көз жеткізіңіз, — дейді Брант. — Тағам мөлшерінде су, ақуыздардың құрамдастырылған жиынтығы, витаминдер, минералдар және көмірсулар үй жануарының өмір сүруінің осы кезеңін жеңілдетуге көмектеседі, тіпті қартаю белгілері соншалық көрінбегеннің өзінде». Өздігінен тамақтануды өзгертпей, мал дәрігерінен кеңес алу маңызды. Мысыққа тамаша өзін ұстауға көмектесетін, құрамында барлық қоректік заттар болатын, қартайған мысықтарға арналған жемді алып тұрғандығына көз жеткізіңіз.

Енді мысығыңыздың тістері жөнінде ұмытпағайсыз. Қарт адамдардағыдай жұмсақ досыңызда да тістерінде ауытқулар туындауы мүмкін. «Жас келе мысықтарда өз кезегінде аса қатты ауруға: қатты ауырсыну мен инфекцияларға әкелетін пародонтоздың дамуына әкелуі мүмкін, — дейді Брант. — Тіс ауруларының алдын алу немесе ерте кезде оларды емдеу мысықтың қызыл иегі мен тістерін сау етіп сақтауға көмектеседі». Осылай барлық жас ұлғайған аурулармен болады: емдеудің жолын іздегенше оның алдын алыңыз. Мысығыңыздың тіс күйіне аса қатты назар бөлу қажет. Одан басқа, тіс қағын тазартатын және тіс саулығын ұстап тұратын арнайы түйіршіктер бар.

Осы жастағы мысықты мал дәрігеріне жиі көрсетіп тұру керек. Егер сіздің қартайып бара жатқан мысығыңыздың денсаулығында қандай да бір ауытқулар болатын болса, толық медициналық тексерілуден өту үшін мал дәрігеріне жылына екі реттен кем емес бару ұсынылады. Бұл жануардың жалпы күйін жақсартуға, өмірін және достығыңызды ұзартуға көмектеседі.

Жақсы көретін жануарыңыздың үлкен жасы жайлы ортақ уақыт өткізудің кедергісі болмауы тиіс. Үй жануарыңызға күтім жасай отырып, оның құрметін аласыз және өзін жақсы сезіну үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын сезінетін боласыз. Мысығыңыз бақытты да салауатты «зейнеткерлікке» лайық!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.