Күшікті қалай бағамыз?

Күшік күтімі

Ақыры армандаған күшікке қол жеткіздіңіз-ау әйтеуір. Біздің кеңестерімізге жүгіне отырып, жаңа үй жануарын қалай дұрыс үйретіп, оған күтім жасау керектігі жөнінде білетін боласыз.


ТУҒАН ҮЙІМ – БЕСІГІМ

Күшіктің пайда болуына дайындалу. Үйді күшіктің пайда болуына дайындаңыз. Кішкентайларға кеміру және шайнау өте ұнайды, сондықтан электр кабельдерін, жастықтарды және өзге де қымбат немесе тез сынатын заттарды тығып қойыңыз.

Уақыт бөліңіз. Күшікті алып кететін күнде онымен бірге үйде қалыңыз, ал егер мүмкін болса, бір-екі күн демалыс алыңыз. Отбасының жаңа мүшесі әдетте шамалы абдырап қалады ды, бәріне қызыға және үрейлене қарайды. Сәйкес егулерден кейін күшіктің басқа иттермен араласуды тезірек бастағаны дұрыс. Жақсы бір ұсыныс – басқа күшіктермен кездесу немесе серуендеу кезінде арнайы жаттығулар жасау. Ол жаңа адамдарды, иттерді, жерлерді танып, жаңа әсерлер алуы тиіс. Бұл жағдайда сіз оның қорғанысы және қолдауы боласыз.

Атыңда нендей сыр бар екен … Күшігіңіздің атын араласу кезінде мүмкіндігінше жиі қайталай беріңіз.

Кірмейтін жері жоқ. Күшік үйге кіргенде барлығын иіскелеп шығуға мүмкіндік беріңіз. Ол үйренуі тиіс болатын өзіне қажетті көптеген жаңа иістерді анықтайды.

Ұйықтайтын кез келді. Үлкен манеж сатып алыңыз да, оның жартысына ұйықтайтын орын жасап беріңіз. Күшіктің сіз жоқта және оған қарай алмайтын кезде демалатын орны болсын. Оған жұмсақ, әрі ұйықтауға жылы болу үшін ұйықтайтын орынға ескі төсек жаймасын немесе орамалды салып қойыңыз.

Жайлылық. Сіздің жаңа күшігіңіз түнде қыңсылауы мүмкін. Тықылдап тұрған сағатты жұмсақ орамалға орап қойыңыз да, оның ұйықтайтын орнының жанына қойып қойыңыз. Бұл оны тыныштандырады. Күшік орамал сыртынан сағатты кемірмейтініне көз жеткізіңіз.


ТАМАҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ШАЙНАЙТЫН ЖЕМДЕР

Бұл сондай оңай! Күшікке бұрынғы иесі өзімен берген жемді берумен тамақтандыруды бастаңыз. Кейін өзіңіз таңдаған жемді бірте-бірте бере беріңіз. Күшіктің өлшемі мен жасына сәйкес келетін диетаны қадағалаңыз. 

 

Аумақ. Егер сізде басқа да үй жануарлары бар болатын болса, онда олардың оған қауіп төндірмейтініне көз жеткізіңіз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

Тап та, көзін құрт. Тісі шыға бастағанда күшік кеміретін берік ойыншықтарды таңдап алыңыз. Сүйкімді жұмсақ ойыншықтардан бас тартыңыз: олар қолайсыз. Күшігіңіз оңай кеміре алмайтын немесе кездейсоқ жұтып қоя алмайтын заттарды таңдаңыз.


ҮЙРЕТУ

Сенімді қоршау. Күшікті бақшаға шығармас бұрын қақпада тесік жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Күшік тесіктен шығып немесе қақпа астынан еңбектеп өтіп, қашып кетуі мүмкін.

Қауіпсіз кеңістік. Сізде күшік жеп қоятын улы өсімдіктер немесе қауіпті заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Ақылды үй. Күшікті үйретуді дереу бастау қажет. Оны далаға серуендеуге таңертең және күніне бірнеше рет шығарыңыз.

Дәретхана. Күшікті арнайы бөлінген жерге апарып, өз істерін тындырмайынша жанында тұра тұрыңыз. Міндетті түрде осы ісі үшін мақтап қойыңыз. Осылайша күшігіңіз осы жерге дәрет сындыру үшін келуі тиіс екенін бірте-бірте түсінетін болады.

Сақ болыңыз. Әлдебір жаман іс жасаса, күшікті ұрыспаңыз. Ол ісіне қысылып тұрған шығар және жаңа орынға үйреніп жатыр. Егер оны ұрсатын болсаңыз, ол сізден қорқатын болады.

Сөйлесіп араласу. Өз есімін және «фу» бұйрығын жаттап алудан бастаңыз. Одан кейін басқа бұйрықтарды беруге үйретіңіз. Шатастырмас үшін әр түрлі дауысты дыбыстары бар қысқа сөздерден болғаны дұрыс. Негізгі сөздер «жанымда тұр», «отыр», «тұр» және «жат» болып табылады.

Жақсы ит. Күшік әлдебір дұрыс істі жасағанда әрдайым марапат алуы керектігін ұмытпаңыз.

Күшікті үйге алып келгеннен кейін бірнеше күннен кейін мал дәрігері тексеріп алғаны дұрыс. Итке барлық қажетті екпелерді жасау, сәйкестендіруші микрочип енгізу және мал дәрігерлік клиникада тұрақты тексерудің кестесін жасау керек.

Соңғысы, бірақ маңыздысы – бұл жаңа доспен араласа отырып, жақсы сезімде болу!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.