Саяжайда жұмыс істегеннен кейін теріге күтім жасау

Саяжай маусымынан кейін қолды тәртіпке келтіреміз

Саяжайдан кейін қолды қалай қалпына келтіруді білгіңіз келе ме? Қол терісін қалай қалпына келтіріп, оған күтім жасау керектігін айтып береміз. Біздің сарапшылардан қол терісіне күтім жасау жөніндегі кеңестер!


Қол – әйелдің визит картасы. Саяжай маусымынан кейін тері құрғап, қабыршықтанып, оның арасына топырақ, өсімдік шырыны немесе бояу сіңіп кетсе, не істесе болады? Қолды құтқарудың жоспарын жасаймыз!

Жуамыз
Алдымен қолды бірнеше рет сабындап жақсылап жуамыз. Барлық табиғи кірлер өздігінен кетеді. Суға лимон қышқылының шамалы мөлшерін араластырыңыз да, осы ерітіндіге қолды жарты сағат салып қойыңыз, сонда жеміс шырынының дағы теріден шығады. Егер қолға бояу сіңіп қалса, оны бояуы бар теріге сұйық майды жағып, еш қиындықсыз кетіруге болады. Ал ацетон мен өзге де еріткіштерді қолдануға болмайды – теріні одан бетер құрғатып жібересіз, сонда тітіркену пайда болады.

Жібітеміз
Қолды бес-жеті минутқа кішкентай ваннаға салып қойыңыз. Ішінде су емес, түймедақ қайнатпасы не, ең құрығанда, түймедақ шайы болғаны жақсы. Қара шайға қарағанда ол теріні боямайды, оның орнына антисептикалық қасиеті бар және бақшада жұмыс істеген қол терісін тыныштандырып, жұмсартады. Орташа температура жеткілікті болады, қайнатпа өте ыстық болмауы тиіс, қолға жағымды және жайлы болуы тиіс. Суып, салқын болып кетті ме? Қолды шығаратын кез келді деген сөз!

Қалпына келтіреміз
Ваннаға салғаннан кейін қолды кенеп майлықпен немесе орамалмен құрғатып, лезде оларға маска жағамыз. Қол терісін қалпына келтіретін міне бірнеше қарапайым және әсерлі рецепт:

Ірімшік пен көк шайдан жасалған маска

Майсызданған ірімшіктің екі ас қасығын лимон қабығымен араластырамыз. Көк шайдың ас қасығын және зәйтүн майының шай қасығын қосамыз. Алынған қоспаны суыту үшін тоңазытқышқа жарты сағатқа қоямыз, одан кейін 20 минутқа қолға жағып қоямыз. Сабынсыз салқын сумен жуу қажет!

Банан маскасы

Бананды зәйтүн майының шай қасығымен езіңіз. Алынған қоспаны араластырып, сұйық ботқа болатындай араластырып отырып, оны кішкентай отқа қойып шамалы уақыт қыздырыңыз. Масканы қолға жағып, 20 минут ұстаңыз да, кейін жылы сумен жуып қойыңыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз


Лимонды-картопты маска

Екі картопты пісіріңіз де, оларды қою езбе шыққанша езіңіз және жарты лимонның шырынын қосыңыз. Алынған қоспаны жақсылап езіп алыңыз. Қоспа жылы болғанша оны қолға қалың қабатпен жағыңыз да, қолды целлофан пакетіне орап, 15 минут уақыт ұстаңыз. Одан кейін жылы сумен жуыңыз.


Балды-глицеринді маска

Екі шай қасық суға бір шай қасық глицеринді қосып араластырыңыз, алынған қоспаға бір шай қасық балды және бір шай қасық сұлы не бидай ұнын қосыңыз. Масканы қолға 20 минутқа жағып қойыңыз да, кейін салқын сумен жуыңыз.

Балды-картопты маска

Бір шай қасық балды үккіштен өткізілген шикі картоппен араластырыңыз. Бірнеше тамшы сәбіздің, орамжапырақтың шырынын не лимон шырынын қосыңыз. Масканы 15 минутқа жағып қойыңыз да, кейін жылы сумен жуыңыз.

Ылғалдандырамыз
Маска шайылып жуылғаннан кейін қолға ылғалдандыратын кремді жағамыз, ал оның үстінен кенеп қолғапты киеміз. Крем толығымен сіңбейінше оны түні бойы қалдыруға болады не, ең құрығанда, жарты сағат ұстап тұру қажет. Осыдан кейін маникюр жасағыңыз келсе, тырнақты жақсылап майсыздандырып алыңыз, өйткені маникюріңіз екі күнге де шыдамай қалуы мүмкін.

Саяжайдан кейін қолды қалай қалпына келтіруге болады екен деп ойладыңыз ба? Қолға арналған үй маскаларының қандай рецепттерін білесіз?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс