Саяжай телімін өзіміз әдемілейміз

Қала сыртындағы учаскені қалай безендірсе болады

Саяжай уақыты басталды, бірақ қоршаған әлем енді ғана гүлденуге және жасылдануға дайындалуда. Бүгін саяжай учаскесін өз қолымызбен безендіруді үйренеміз.


Шырақтар мен шамдар

Көктемде түн қысқарады, кешке дәлізде отырып, учаскені айнала шамдардың қалай жанып тұрғанын көріп тұрған керемет емес пе? Немесе оларды учаскенің сара жолы және үйге апаратын жол бойымен қойса ше? Иллюминацияны электр шамдарынан жасауға болады, сонымен қатар, бос әйнек бөтелкелерді жинап, оларды балаңызбен бірге майлы бояулармен бояп, оған су құйып, ішіне таблеткалы майшамдарды салып қоюға болады. Бастысы –өртенбейтін материалдарды, әйнекті немесе темірді пайдалану. Қаңылтыр құтыларда мықты қайшымен немесе қол арамен шағын терезелерді қиып алуға болады – импровизацияланған үлкен шамдарды барлық учаскеге іліп қоюға болады.

Тағы бір нұсқасы – күн батареялы шамдар. Олар сымсыз жұмыс істейді, және оларды жерге қадап қоюға болады – қиялыңызды ұшқындай отырып, бүтіндей бір фигураны да жасауға болады.

Егер саяжайыңызда ағаштар өсіп жатса, оған жаңа жылдық гирляндаларды іліп қоюға болады. Ұзын бауы бар жалғастырғыш тетік болса болғаны – жарқ-жұрқ еткен ағаштар сіздің көктемгі кештеріңізге сән береді.

 Бөтелкелер

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 Әдеттегі пластик бөтелкелерден керемет ғажап заттар жасауға болады. Қайшыны, бояуды және бос 5 литрлік бөтелкені қолдана отырып, оны торайға немесе сиырға, итке не мысыққа айналдыруға болады, ал аңның тұяғы мен табанын кәдімгі таяқшалармен немесе шарик қаламдарымен алмастыруға болады.

Бос 2 және 1,5 литрлік бөтелкелер гүлзар үшін тамаша негіз бола алады, тек түбін кесіп алып, бөтелкелерді шеңбер түрінде жабыстырса болғаны.

Жасалған заттарды учаскеге қойып шығыңыз: олар сізді де, балаңызды да қуантып қояды (оны декоративтік бақша фигураларын дайындау барысында міндетті түрде қатыстырыңыз).

 «Мақала жазу» батырмасына басыңыз да, сіз және көршілеріңіз саяжай учаскесін немен безендіресіз, соны айтып беріңіз.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс