Саяжайда күрделі жинау жұмысы: неден бастау керек?

Саяжайды толық тазалау жұмыстары

Қала шетіндегі үйлер үшін қыстың салдары болмай қоймайды. Егер сізде саяжай болатын болса, онда көктемде оны міндетті түрде тәртіпке келтіріп, көктемгі толық тазалау жұмыстарын жасау қажет.


Еліміздегі жазғы кішкентай үйлердің ең әлсіз екі жері бар – бұл жертөле мен шатыр. Жауын-шашын, қар, еріген су және төменгі температура өз іздерін қалдырады. Қыстағаннан кейін жертөле суға батып, ал шатырдан су ағып кетуі мүмкін. Егер бұндай жағдай сіздің басыңызға түссе, салдарын мүмкіндігінше жылдамырақ жою қажет.

 

Үйдің іші жиі көгереді. Қысқа тығыз бітелген үй «ауа кіруіне» мүмкіндік бермейді. Ауа айналымын қалпына келтіру үшін қандай да бір уақытқа барлық терезе мен есіктерді айқара ашып, үй-жайды жақсылап желдетіп алу қажет. Осыдан кейін ылғалдан құтылу үшін кез келген әдіспен (радиатормен, пешпен) үйді қыздырып алыңыз. Перделерді, көрпелерді, кілемдерді, матрастарды күннің көзіне шығаруға болады.

 

Әрі қарай жинастыру пәтерден кем түспейді. Саяжай қаңырап тұрған уақытта жиналған шаң сондай көп болмайды, өйткені шаң көбінесе біздің тіршілік әрекетімізден (терінің қабыршықтануы; бәтеңкемен қоса келетін лас) болады, ал үйде ешкім тұрмаса, онда шаң қайдан болады.

 

Аймақты тазалау басқа әңгіме. Алдымен оны өткен жылғы шөптен, түскен жапырақтардан және өзге де органикалық қоқыстардан тазартып алу қажет. Бұны қар кеткенде дереу жасауға кіріспеңіз; жер шамалы құрғағанша күте тұрыңыз, сонда барлығын бір жерге жинауға әлдеқайда жеңіл болады, кейін олар тыңайтқыш болып шіріп кетеді.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Әрі қарай ағаштар мен бұталарды тексеруге кірісеміз. Қар ауырлығынан бұтақтар сынды ма, жоқ па, емдеуді талап ететін жарылған жері бар ма, жоқ па – соны тексеріп алыңыз. Бұтақтар бүршік жармайынша оларды қысқартып, түзету жұмыстарын жасайтын кез келді.

 

Қақпа, қора, жаппа, сәкі, жолдар, жылыжайлар, кішкене шамдар, дәретхана сынып қалмады ма, жөндеу қажет пе – соны қарап тексеріп алыңыз. Тексерудің жеке бір бөлігі сумен қамтамасыз ету жүйесі мен электр сымдары болуы тиіс.

 

Үй мен учаскені толық тазалау жұмыстары жасалғаннан кейін, барлық «тесіктер» жамалғаннан кейін егу жұмыстарына кірісуге болады. Жерді түптеңіз, егіс жерін қазып дайындаңыз. Жаңа маусым ресми түрде ашылды десе болады!

Осы мақалаға кірмеген кеңестеріңіз бар ма? Онымен бөлісіңіз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс