2017 Жаңа жылда үйіңізді қалай безендіруге болады?

2017 Жаңа жылда үйіңізді қалай безендіруге болады?

Жаңажылдық көңіл күй есік қағып келеді деп күтпеңіз, оны өзіңіз жасаңыз! Балаларыңызды шақырып, жаңажылдық әуенмен, мерекеге дайындықты бәріңіз бірігіп, үйіңізді безендіруден бастаңыз! Оны қалай ерекше жасауға болады? Қазір айтамыз!


Келе жатқан жылдың иесі  -  отты қызыл түсті тауық ашық түстерді ұнатып, сонымен қоса, табиғи, таза дүниелерге басымдық береді. Осыған  назар аударған абзал.

Реттілікке мән берейік

Кез-келген үйдің жаңажылдық көркі ол – әрине, тазалық пен жинақылық. Өкінішке орай, түрлі зерлер мен әдемі ойыншықтар ретсіздікті жасырып қала алмайды. Алайда тазалыққа кірісу де шаттық сыйлауы ғажап емес. Үйіңізді немесе пәтеріңізді кішкене бөліктерге жіктеп, оны отбасы мүшелеріне бөліңіз. Кім тез, әрі  тапсырманы жақсы орындаса, сол жүлдеге ие болсын!

Есікті әшекейлейміз

Жаңажылдық асқақ көңіл күйдің  қонақтарыңызды босағадан  қарсы алғанын қалайсыз ба? Есікті әшекейлеңіз! Мұны қалай жасауға болатыны жайлы бірнеше кеңес:

  • Мерекелік гүлдесте. Оны шетен мен шыршаның бұтағы және бүршігінен жасау қиын емес. Осыған қоса оған тәтті кәмпиттерді, шырша ойыншықтарын, емен жаңғақтары мен дәмқабықтардың таяқшаларын өруге болады.
  • Сыйлық қорабы. Есікті сыйлықтың қақпағына айналдырыңыз – сыйлық қағазымен орап, жоғары жағына тігінен, көлденеңінен көлемді сызықтар жапсырылсын.Дәл ортасына лента қоюды ұмытпаңыз.
  • Тілекші есік. Бөлмелеріңіздің біреуінің есігіне бір-біріңізге деген ақ тілектерді, жақсы сөздер мен суреттерді топтастырған жапсырмаларды іліп қою артықтық етпейді.

Жаңа жылдың көркі -  сыйлықтар күнтізбесі.

Қызыққа толы Жаңа жылды  күту үшін сыйлықтары бар 3Д-күнтізбе жасаңыз.Бұл еш қиын емес:бірнеше шағын қорапшаларды алып (кез-келген картон жарамды), оларға сандарды жазыңыз (мысалы, 25 желтоқсаннан бастап, 7-қаңтардан аяқтауға болады), ішіне кішкентай сыйлықтарды орналастырыңыз. Қорапшаларды ыдыстарға салып немесе жіптерге іліп қойған дұрыс. Осылайша сіздің үйіңіздегі шағын мерекелер қатары күн сайын жалғаса бермек!

Жаңажылдық шамдар

Егер сіз үйіңізде ертегі мен сиқырлы әлем салтанат құрсын десеңіз, онда шамдарды  естен шығармаңыз! Оларды  қолдан жасалған мерекелік шамдары бар үстелге қою кештің ажарын аша түсері шын. Мәселен, былай:

  • Шыны банкаларды  алып, түрлі-түсті ленталарды жапсырыңыз (тауықтың қауырсыны секілді).
  • Ішіне түрлі-түсті тастар немесе құм салыңыз.
  • Ортасына шам қоюға болады.

Содан соң, әлбетте, зер мен жалын шашқан гүлтізбекті де ұмытпаңыз!

Сіздерге Жаңа жылда ерекше көңіл күй мен бақыт тілейміз!

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.