Бөлмені қай түске бояса болады?

Үйіміздің ашық бояулары

Ашық түстерге көшіңіз – үйіңізге жарқын бояуларды қосыңыз! Интерьердегі ашық түстер – бұл әрдайым балғын, әрі ерекше болып көрінеді! Бірнеше қызық түстер шешімін назарға ұсынамыз.


Жаңаша түрге айналдыру үшін бөлмені қандай түске бояу қажет екенін ойластырыңыз.

Жасыл балғындық
Көк пен жасыл түс – салқын түстер. Егер оларды жылы түспен дұрыс үйлестіре білсе, өте стильді, әрі балғын түс шығады. Дұрыс теңгерімді сақтау үшін бөлмені қоңыр түспен сұйылтыңыз, көңіл көтеретін пердені іліп, жастықтар қойыңыз. Қоңыр түс сондай-ақ, ағаш паркетпен және кофе үстелімен тамаша үйлеседі. Енді соңғы штрих – бөлмеге көк және жасыл түстегі аксессуарларды қойыңыз.

Аспан түстес көк түс
Көк пен ақ түстің үйлесімі — бұл әрдайым ұтымды нұсқа. Мысалы, қала шетіндегі үйдің ас үйін жаңартқыңыз келсе. Сізге жақын маңда теңіз шуылы естіліп, шағалалар ұшқандай боп көрінетін болады.
Шағын кеңес: ескі жиһазды жаңартудың қарапайым әдісі — барлық тұтқаларды ауыстырыңыз.

 
Провокациялық қызыл түс
Ашық батыл түстер ескі ванна бөлмесін жаңа түрге айналдырады. Қызыл-ақ түсті жолақтар – бұл стильді және заманауи көрініс. Бірақ едендегі плитаны классикалық стильде қалдырғаныңыз жөн болады. Кішкентай кілемше мен ағаш жиһаз қосындысы ванна бөлмесін одан бетер үйдегі жайлылық сезімін береді.
Шағын кеңес: жолақтарды ені шамамен 20 см етіп жасаған дұрыс болады.

Цитрус ноталары
Цитрустық түстер – сары, қызғылт-сары, жасыл – бөлмеге балғындық пен жаңашылдықты береді. Бірақ ең бастысы барлығында шек болу керек – ашық түстегі перделер мен қабырғаларды қалыпты жиһазбен және еденмен үйлестіріңіз. Бірнеше түрлі түсті акценттерді де – мысалға, қызыл түсті кілемшені және қызғылт-сары жастықты қосуға болады. 

Түстер буырқанысы
Қабырға мен төбелерге бір ғана түс таңдау қажет деп кім айтты? Шамалы қиялданып, сотқарлық әрекет жасап көрейікші. Қызыңызға қызғылт, сары және қызғылт-сары түтегі қабырғалы ойнақы бөлме ұнайтын сияқты. Ал өскенде – әлдебір бейтарапты түске бояп аласыз.

Registration

Бізге қосылыңыз да эксклюзивті ұсыныстар алыңыз!

Қатысушымыз болыңыз

 

Қара-ақ түсті классика
Қара-ақ түстегі классика ешқашан сәннен шықпайды және викториандық заманның сәулетті жайларына да, заманауи студия пәтерлер үшін де керемет келісті болады. Контрастілік қара-ақ түсті қабырғаларды жылы бейтарапты түстегі жиһазбен және перделермен тегістеуге болады.
Шағын кеңес: еден үсті қыш құмырадағы үлкен гүл не кішкентай ағаш бөлмеге жаңа бір сыр береді.

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс