Тоқыма біздермен тоқуға арналған идеялар

Тоқуға арналған идеялар: Үздік TOP 4 идея

Күздің тыныш кештерінде немен айналыссам деп ойлап жүрсіз бе? Тоқуды бастаңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды жайлы заттармен қуанту үшін біздермен тоқудың негізгі техникасын білу жеткілікті.


Тоқыма біздермен тоқуға арналған идеялар

Тоқылған нәрселерге қалай күтім жасау керек

 

Тоқыма біздермен тоқуға арналған идеялар

Үйдің ішін жайлы ететін ұсақ-түйектер. Біреулер шебер қолдарымен өнер туындысын жасап шығаратын кәдімгі ағаштың тырбиған кесіктерін жинайды, енді біреулер ойыншық машиналар мен ұшақтардың үлгілерін құрастыруға әуес, ал кейбіреулер маркалар коллекциясын жинағанды жақсы көреді. Бүгін біз тоқыма біздермен тоқуға арналған қандай идеялар сіздің үйіңізде жайлы атмосфера орнатуға көмектесетіні жайында айтамыз.

Журнал үстелшесіне немесе комодқа арналған салфетка

  • Иірімжіптің шамамен бір жарым шүйкесін дайындаңыз.
  • 72 ілмек жасап алыңыз да, 84 қатар етіп қарапайым орамалдық әдіспен тоқыңыз.
  • Кәдімгі тігін инені немесе шілтер ілгекті пайдалана отырып, сулықтың шеттерін түсі бөлек жіппен жиектеңіз.

Мұндай аксессуар үйдің интерьеріне керемет үйлеседі, айналаға жайлы атмосфера орнатуға көмектеседі және жақындарыңыздың көзін қызықтырары сөзсіз.

Саптыаяқтың астына қойғыш

Суық кезде ыстық шай ішу — жылынудың тамаша әдісі. Шай ішуді жанға жайлы ету өте оңай. Шыны-аяқтарды үйлесімді көрсетіп тұратын бірнеше астына қойғышты тоқысаңыз жеткілікті:

  • Бір астына қойғышқа 30-50 грамм иірімжіп қажет болады.
  • 18 ілмек жасаңыз да, 28 қатар тоқыңыз.
  • Шеттерін біз жоғарыда айтып кеткен үлкен салфеткадағыдай етіп жиектеңіз.

Дәмді шай демдеп, бірнеше майшам жағу ғана қалды. Жақындарыңызбен бас қосып, жылы және жайлы үйде бірге уақыт өткізіңіздер.

Саусақ жағы жоқ қолғаптар (митенки)

Lenor Гүлденген Жібек Қараған
Lenor Гүлденген Жібек Қараған

енді табу

Митенки — суық күндері күнделікті істеріңізді емін-еркін жалғастыра беру үшін қолыңызды жылы ұстайтын таптырмайтын зат. Мысалы митенкимен сенсорлық смартфонды оңай пайдала аласыз, онымен қолыңыз жаурап қалмайды.

  • 60 грамм иірімжіп алыңыз, жүн болғаны жақсы — мұндай митенкилер аса жылы болады.
  • Дәл тоқу үшін митенки қажет адамның қолын өлшеп алыңыз.
  • Сызбасы қарапайым: 30 ілмек жасаңыз да, 50 қатар тоқыңыз. Сосын қолғаптың бүйір жағын жайлап тігіңіз, бас бармақ үшін орын қалдыруды ұмытпаңыз.

Балалар бас киімі

Тоқыма біздермен тоқуға арналған қызықты идеяларды балаңыздың жылы киіміне қарап таба аласыз. Мысалы, балалар бас киімі ешқашан артық болмайды. Балаңызға ұнайтын әдемі ашық түсті иірімжіп таңдаңыз. Шамамен 100 грамм иірімжіп сатып алыңыз (күрделірек үлгілер үшін материал көбірек қажет болады). Бас киім тоқудың сызбасы қарапайым:

  • 50 ілмек жасаңыз да, 50 қатар тоқыңыз.
  • Жасаған матаңызды екіге бүктеңіз де, бас киімнің астыңғы жағынан ғана ойық қалдырып, шеттерін тігіп шығыңыз.
  • Енді ілгегін жасаймыз. Жіңішке бау дайындаңыз: 5 ілмек жасаңыз да, 36 қатар тоқыңыз.
  • Бір шетін бас киімнің бір шетіне тігіңіз, ал екінші шетіне түйме қадаңыз.
  • Бас киімді әдемі өрнекпен әшекейлеңіз.

Тоқылған нәрселерге қалай күтім жасау керек

Бұйымдар дайын болды ма? Енді олар бастапқы түрін, биязылығы мен жұмсақтығын сақтап, түсі мен пішінін жоғалтпауын қадағалаңыз. Тоқылған заттарды ерекше режимде (суық сумен), сықпай және айналымын минимумға қойып жуған жөн. Кір жуған кезде Lenor қосыңыз — ол киімді тозудан қорғайды, олардың оңып кетуіне және түйіршіктердің пайда болуына жол бермейді.

Күз және қыс мезгілі тоқудың қарапайым және жақсы идеяларымен жылы әрі жайлы болсын!

 

Ал Сіз тоқуды жақсы көрсесіз бе?

Жеке мәліметтеріңізді толтырыңыз

Жалғастыру үшін жұлдызшамен белгіленген мәліметтерді толтырыңыз, егер сіз кеңейтілген ұсыныс пен контентке ие болғыңыз келсе, қосымша алаңды толтыруды ұмытпаңыз.

multisampleone

multisampleone

multisampleone

Бұл өнім туралы ақпарат Қазіргі уақытта қол жетімді болып табылады

Үлгісі қазірдің өзінде тапсырыс